Чемпионның жаңа үйі Айша бибі көшесі бойынан нақтырақ айтқанда, «Тараз-Арена» спорт кешені маңайынан орын тепкен. Бас-аяғы 20 млн теңге жұмсалған үйде мүмкіндігі шектеулі жанға барлық жағдай жасалған, кең әрі жарық 5 бөлмесі бар, деп жазады Айқын газеті.
Зульфия Габидуллинаның өзі жерін таңдап, жобасын өзі жасаған үй ірі панельді арнайы Германияның теxнологиясымен бой көтерген. Сондай-ақ бөлмелеріне жылы еден де төселген. Тіпті бір бөлмесі жаттығу жасайтын құрылғылармен жабдықталған. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев пен Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров спортшыға үйдің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Аймақ басшысы чемпионды құттықтап, алдағы уақытта болатын байрақты бәсекелерде жеңіс туын желбірете беруін тіледі.
“Зульфия Габидуллина ел тариxында тұңғыш рет Паралимпиада чемпионы атанып, туған жерге келген кезде жер үйім болса деген арманын айтқан болатын. Ол үйі «Тараз-Арена» спорт кешеніне жақын болса деген ниетін де жеткізген-ді. Міне, бүгін жеңімпазымыздың арманы орындалып, спорт кешенінің тура жанынан баспаналы болды. Мұнымен Зульфияның арман-мақсаты тоқтап қалған жоқ. Алдағы уақытта да Паралимпиада ойындарына қатыссам деген жоспары бар. Ол бәсекеде де топ жаратынына сеніміміз мол”, – деді Кәрім Насбекұлы.
Армандаған баспанасына қол жеткізген чемпионның өзі мұндай дәрежеге жетуінің сырын армандай білумен, сол аласармас арманға жету жолында келеңсіздіктерге мойымай, аянбай еңбек етумен түсіндірді.
“Адамдар армандай білу керек. Түбінде ол арман орындалады. Ол үшін аянбай еңбек ету басты шарт. Мен де армандадым. «Тараз-Арена» спорт кешенінің бассейнінде жаттығу жасап жүріп, спорт кешеніне таяу жерде өзімнің үйім болса деп қиялдайтынмын. Бүгін сол қиялым іс жүзінде орындалып, дәл сол жерден үйлі болып отырмын. Ол үшін әрине, облыс басшылығына алғысым зор. Бүгінде облысымызда спортшыларға жақсы жағдай жасалып жатыр. Сондықтан менің жеткен жеңісім” – ортақ жеңіс, баршамыздың жеңісіміз.
“Осыншалықты дәрежеге жетуіме үлкен еңбек етіп жүрген жаттықтырушым, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Саттар Бейсенбаевқа айтар алғысым шексіз”, – дейді Зульфия Габидуллина. Спортпен шұғылданып жүргеніне 25 жыл болған ол баспаналы болатынын, оның өзі армандаған жерінен бой көтеретінін естігенде бастапқыда сенбеген екен.