Гостиницы в Алматы
2017-01-23 14:56:13 1400 0

Баян Есентаева оқушы кезінде өзіне мұғалімінің ғашық болғанын айтады. Бұл туралы продюсердің автобиографиялық кітабының үзіндісінен белгілі болды.

Үзінді Есентаеваның Instagram-парақшасында жарияланды.

"Мектебімізге орыс тілінен сабақ беруге жас әрі көрікті Қуаныш атты жаңа мұғалім келді", - деп жазады продюсер. - "Жасы 22-де еді. Мен болса он бестемін, сегізінші сынып... Ол мәскеулік жоғарғы оқу орнын бітіріп келген, зиялы, ақылды, тілге шешен. Бірінші сабақта-ақ оның маған біртүрлі қарағанын сездім. Сасқалақтап, тілі күрмеле берді... Ол кезде менің атам мен әжемге орталықтан, жақсы ауданнан пәтер берген болатын, бірақ мен мектебімді ауыстырмадым, сондықтан сабаққа автобуспен қатынайтынмын. Бір күні сабақтан қайтып, Ленин даңғылындағы аялдамадан түскенім сол еді, жаңа мұғалімімді көріп қалдым. Ол маған "Баян, сен кішкентай қызсың, менің жасым 22-де. Саған сабақ беруім керек, бірақ мен сені сүйемін" деді".

А тем временем история продолжается 😊 СКОРО #моякнига

Фото опубликовано Bayan Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)

Бұған дейін Баян Есентаеваның автобиографиялық кітап жазып жатқаны белгілі болған еді.

Пікір жазу