Гостиницы в Алматы
2016-12-28 17:36:24 75 0

Ақтөбелік спортшылармен кездескен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтың имиджін қалыптастыру керектігін айтты деп хабарлайды Nur.kz

"Егер жақсы ұсыныстар болса, жергілікті билік спорттың барлық түрін де қолдауға дайын. Бүгінгі кездесуге арнайы жерлесіміз Сәбинаны шақырдық. Жастар арасындағы волейболды дамытуға қатысты ойын біз қолдаймыз. Қала әкіміне тапсырма бердім, әрі қарай шешімді қабылдайтын боламыз. Сәбинаның әлеуметтік желіде 300 мың қолдаушысы бар. Бұл Ақтөбеге жақсы имидж болады деп ойлаймын. Ақтөбенің өз бренді болу керек. Мәселен, музыкадан– Димаш Құдайбергенов. Қазақстанда ондай үздік әнші жоқ. Спорттан Сәбинаны, болашақта шығатын спортшыларды қолдауымыз керек. Ақтөбеде бірдебір олимпиада чемпионы жоқ. Бұл ұят",-деді Бердібек Сапарбаев.

Бердібек Сапарбаев ақтөбелік спортшылардың жиынына Сәбина Алтынбекованы арнайы шақырып, ұшақпен жүру шығынын көтерген.

Пікір жазу