Гостиницы в Алматы
2014-11-22 20:19:03 1348 1

«Келинка Сабина» фильмі қазақстандық прокатқа шығады

Қараша айының 27 жұлдызынан бастап Қазақстанның барлық кинотеарларында көптен күткен «Келинка Сабина» атты комедиялық фильм  көрсетіледі.

Фильм күтпеген жерден келін атанған Қарсыбаева Сабина атты қыздың өмірі жайлы. Сабина – уақытын тек түнгі клубтарда өткізетін, қымбат киімдер киетін, ауқатты отбасыда өскен қаланың ерке қызы. Араб шейхына тұрмысқа шықпақ болған ол Жүгері ауылының малшы жігітіне алданып, ауылға тап болады. Енді оның бар арманы – үйіне қашу.

Фильмде танымал актерлер ойнайды. Олардың қатарында Ерлан Қарсыбаев, Айнұр Ильясова, Жан Ізбасар, Алишер Өрікбаев, Есжан Хаммидуллин, Тоғжан Таханова, Бауыржан Орда, Оңдасын Бесікбаев, продюсер әрі актриса Баян Есентаева, тележүргізуші Майя Веронская бар.

Бас рөлді өзі сомдайтын продюсер әрі режиссер Нұртас Адамбаев фильмнің  17 күн ішінде түсірілгендігін мәлімдейді. Фильмнің басым бөлімі Алматы облысының жанындағы ауылда түсірген.

«Біз «Наша Казаша» жобасын түсіргенде мұндай  танымалдылықты күтпедік. Бірақ, адамдарға біздің әзіліміз шынымен ұнады. Сонда біз өз әзіліміздің Ресейдікінен кем емес екендігін дәлелдедік. Бүгінде «Nurtas production» студиясы "Келинка Сабина" атты комедиялық фильмді түсірді және  Ресей немесе батыстық комедиялардан кем түспейді деген ойдамын. Тіпті,  "Келинка Сабинаның" қазақстандық көрермендерге ұнауға едәуір үлкен мүмкіндігі бар деп ойлаймын», - дейді Нұртас Адамбаев.

Сондай-ақ «Nurtas production» студиясы фильмді өз қаржысына түсірді.

454512131669

454576898695362312

7878451243568998 (1)

 

Пікірлер

  • Гаухар 2014-11-26 11:53:34
    Өзіңе ұқсаған адамдар барып көрер, жеке өз басым Нұртастың (атың шықпаса жер өрте) шығармашылығын қазақ халқын өзге тілде масқаралау деп білем! Не мақсатпен шығардың осы киноны? Халыққа күлкі сыйлау үшін бе? Демек осыған ғана басын жеткен болар, әлде қазақ халқының салт дәстүрін қыздардың есіне салу ма? Саған қарап қазақ қыздары үлгі алар болса демек құрыдық. Не болса да көзі ашық көкірегі ояу халықтың көретін дүниесі емес. Салт-дәстүрімізді әзілмен жеткізгің келсе бүкіл халық көретіндей етіп, халқымызды бұлай масқараламай-ақ жеткізуге болар еді, бірақ нағыз өз образыңды тауыпсың, өмірдегі Нұртас та осындай сияқты гой... (не в обиду конечно) сосын шығар оңай әрі жағымсыз жолмен жұлдыз атанып жүргенің... Байқа қазақтың Кончитасы атанып жүрме енді жетпегені осы еді біздің қазаққа?! АТЫҢ ШЫҚПАСА ЖЕР ӨРТЕ деген осы екен

Пікір жазу