Гостиницы в Алматы
2017-01-12 11:15:19 40 0

Виктор Демьяненко: Қанат Ислам Сауль Альварестен жеңіледі

Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко боксшы Қанат Ислам мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасында болуы мүмкін жекпе-жек туралы өз пікірін білдірді деп хабарлайды Егемен Қазақстан. 

«Менің ойымша бұл жай сөз ғана. Мен Қанат Исламның мексикалық боксшымен қарсылас болады дегенді ешқандай жерден көрмедім. Алайда ел арасында сондай сөздер жүріп жатыр. Соған қарағанда бір негіз болуы мүмкін. Жекпе-жек қазір бола қоймас, бірақ соған алып келе жатыр. Мұның өзі де жақсы. Егер дәл ертең Қанат Альвареспен шығатын болса, бірден жеңіледі деп айта аламын. Себебі кешегі Қанат Исламның жекпе-жегін қараңыз. Ол ауырғандықтан, жаттығу жасаған жоқ. Оның қолғаптары дұрыс болмады деген жәй бос сөз. Соңғы жекпе-жегі туралы сөз етіп те қажеті жоқ. Ол қайтып жеңеді? Оның соққысы жойқын емес.  Оның кәсіби бокста не кәсіби шеберлігі не тәжірибиесі жоқ», — деді Виктор Демьяненко.

Бұған дейін Fightnews.com басылымы Альварес пен Ислам арасында жекпе-жек өтуі мүмкін деп ақпарат таратқан еді.

Пікір жазу