«Ондағы мәліметке сүйенсек, жанкүйерлер америкалық Name A Star Live жобасы арқылы бір жұлдызды сатып алып, оны Димаш Құдайберген деген атаумен арнайы картаға енгізген»,- деп мәлімдеді ҚазАқпарат.
Сондай-ақ, бұл жұлдыз атауын Space Service INC (SSI) тізіміне де бекітіп қойыпты. Ал ол тізім SSI-дің ғарыштық мұрағатында өмір бойы сақталып тұрады.“Ең жарық жұлдыз біздің сүйікті әншіміз Димаш үшін” деп жазды “Димаштың әпкелері” парақшасында.
Айта кетейік, Андромеда шоқжұлдызы — ІІ ғасырдағы әйгілі грек-рим астрономы Птолемей белгілеген 48 шоқжұлдыздың, қазіргі анықталған 88 шоқжұлдыздың бірі. Біз тұратын Құс жолы жүйесіне ең жақын тұмандық күйіндегі алып жұлдыздық жүйе шоғыры болып есептеледі. Ол грек мифологиясындағы Андромеда арудың атында аталады. Андоромеда шоқжұлдызы әдетте солтүстік жартышардан кешкі уақытта ең жарық көрінетін жұлдызшоғыры ретінде, Персей шоқжұлдызымен қатарласады.