Бұл WBC 55-ші мерейтойлық Конвенциясы Астана қаласында 2017 жылдың 31 тамызынан бастап 9 қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 Көрмесімен тұспа-тұс өтеді дегенді білдіреді.
«Кәсіби бокс Федерациясының президенті Ерлан Бекхожиннің айтуынша, шараға 500 делегат қатысады. Қазақстандықтар мен Көрме қонақтары әлемдік бокс майталмандарын жақыннан көруге мүмкіндік алады»,- деп жазады baq.kz
Е.Бекхожиннің айтуынша, WBC басшылары Астанаға келуге ынталы былғары қолғап шеберлерінің тізімін жіберген. Олардың қатарында Флойд Мейвейзер, Мэнни Пакьяо, Майк Тайсон, Мұхамед Әлидің қызы Лейла Әли. Әйгілі жұлдыздар мен WBC белбеуіне ие барлық чемпиондар, сондай-ақ Геннадий Головкин де бар. «Ол уақытта Головкин өз жекпе-жегіне дайындық кезеңін бастап кетеді, дегенмен, біз оның осы шараға қатысу мүмкіндігі жайлы келіссөздер жүргіземіз»,- деді кәсіби бокс федерациясының президенті.
Конвенция аясында қазақстандық және әлемдік жұлдыздардың қатысумен ЭКСПО-2017 төңірегінде кәсіби бокс кеші өтеді. WBC дәрежесіндегі әлем чемпионы атағын иелену үшін өткізілетін жекпе-жек әлемнің 40-тан астам елінде эфирден көрсетіледі.