2017 жылы Головкин мексикалық Сауль Альвареспен рингке шығуы тиіс. Екі тарап әлі келіссөздер жүргізіп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша кездесу күз айларының бірінде өтуі мүмкін.
Оған дейін Геннадий Головкин 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden сарайында Дэниэль Джейкбоспен қолғап түйістіреді. Сондай-ақ, америкалық спортшы Головкиннің барша атағын тартып алатынын айтқан еді.
"Шынымды айтсам, алда болар Головкин мен Альварестің кездесуі мені мүлдем қызықтырмайды. Шамасы, Геннадий бірінші менімен жұдырықтасатынын ұмытып кеткен сыңайлы. Дегенмен, мұндай жағдай менің басымда бұған дейін де болған. Питер Куиллин жайлы айтқым келіп отыр. Ол мені жеңіп, ары қарай GGG сияқты үлкен жекпе-жектер туралы жоспарлап жүрген. Бірақ бәрі басқаша өрбіді. Қазіргі басты мақсатым – 18 наурызға тыңғылықты дайындалып, лайықты өнер көрсету. Бұл үлкен жекпе-жек. Шаршы алаңда 36 минут (12 раунд) шыдас беріп, қажетті нәтижеге қол жеткізгім келеді. Ал қалғаны бос әңгіме», – деді Джейкобс.
Америкалық боксшы бұған дейін Головкиннің Келл Брукпен өткізген ұрысында қателіктерін байқағанын, оны британиялыққа қарағанда тиімді пайдаланатынын мәлімдеген.