Гостиницы в Алматы
2017-05-26 18:09:04 42 0

Британиялық «BBC World» телекомпаниясы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА туралы деректі фильмді көпшілікке ұсынуда.

Фильм «ВВС Worldwide» бағдарламасы арқылы сегіз тілде беріліп, аптасына әлемнің 74 миллион көрерменін қамтымақ. Ал, фильмді қазақстандықтар 27 мамырда тамашалайтын болады.

Фильмнің продюсері Д. Уэльс: «Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан Құрғақ порт Азия мен Еуропаға шығатын транзиттік пойыздарды өңдеуден өткізеді»,-дейді. Бұл жайында «Қазақстан темір жолы» ҰҚ АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Қорғас» ХШЫО жобасы Қазақстан мен Қытай Мемлекет басшыларының бастамасымен жүзеге асырылуда. Негізгі инвестициялық нысандардың құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

 

Пікір жазу