Гостиницы в Алматы
2017-05-24 12:18:25 26 0

Әзірбайжан елінің астанасы Бакуде өткен Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 14-орын алды. Келесі дода 2021 жылы Стамбулде (Түркия) өтеді.

Бакудегі додаға елімізден 32 спортшы аттанған болатын. Отандастарымыз бокс, дзюдо, әйелдер күресі, таеквондо және еркін күрестен жарыс жолына шықты. 19 спортшымыз жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Қазақстандық спортшылар 2 алтын, 5 күміс, 12 қола медаль еншіледі. Бокстан 52 келіге дейінгі салмақта Азат Махметов, 75 келіге дейінгі Тұрсынбай Құлахмет жеңімпаз атанып, ел абыройын асырды. Айнұр Есбергенова, Әлімжан Серікбаев (екеуі де - таеквондо), Жандос Исмаилов, Дәулет Шабанбай (екеуі де - еркін күрес), Жәмилә Бақбергенова (әйелдер күресі) күміс медаль алдыГүлдана Әлмұханбетова, Еламан Ерғалиев (екеуі де - дзюдо), Жансель Дениз (таеквондо), Қуан Қуатов, Сұлтан Зауырбек, Илья Очкин (үшеуі де - бокс), Ильяс Жұмай, Болат Сакаев, Мамед Ибрагимов, Әділет Давлумбаев (бәрі - еркін күрес), Айгүл Нұралым, Зарина Құнанғараева (екеуі де – әйелдер күресі) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл жайында vesti.kz мәлімдеді.

Жалпыкомандалық есепте Әзірбайжан елі бірінші орын алды. Олар барлығы 162 медаль (75 алтын, 50 күміс, 37 қола) жеңіп алды. Түріктер 195 медальмен (71 алтын, 67 күміс, 57 қола) екінші орыннан көрінді. Үздік үштікке Иран құрамасы кірді. Олар барлығы 98 медаль (39 алтын, 26 күміс, 33 қола) еншіледі.

Пікір жазу