Еске сала кетейік, Дэниэл Джейкобс пен Геннадий Головкин 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында кездеседі.
"Головкин командасы қыркүйек айында Канеломен кездесу өткізу туралы келіссөздер жүргізу арқылы бізге құрметсіздік танытып отыр деп санаймын. Мұның бизнес екенін, олардың екі жаққа бірдей келісім алуға тырысатынын түсінемін, бірақ - бұл босқа уақыт құрту. Джейкобстың дайындығы керемет, ол 18 наурыз күні Головкинді жай ғана жеңіп қоймай, жекпе-жектің бірінші жартысында нокаутқа жіберуді жоспарлап отыр. Дэниэл елдің осы уақытқа дейін қателесіп келгенін дәлелдемекші. Джейкобсты жете бағаламайды, дұрыс құрметтемейді. Мұның есесін ол 18 наурыз күні Головкиннен қайтарады", - деп мәлімдеді Конноли.
Айта кетейік, бұл кездесуде жеңіске жеткен жағдайда Геннадий Головкин мексикандық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізуі мүмкін.