Сән & дизайн

«Әлем аруы-2015″ байқауына Қазақстан атынан Регина Вандышева кетті

Биыл 65 рет өткізгелі жатқан «Әлем аруы-2015″ сұлулық байқауына Қазақстан атынан 22-жастағы  Регина Вандышева барады. Ол әлемнің арулары жиналып жатқан Қытайдың Санья қаласына барып үлгерді. Регина әлемдік деңгейдегі байқауға 2014 жылы «Қазақстан аруы» атанан кейін-ақ бастап кеткен. Ол өзінің ағылшын және қазақ тілдерін жетілдірді, боянудың түрлерін үйренді, спорпен шұғылдануды жалғастырды. Сондай-ақ, Регина жеңіл атлеткадан спорт шебері.

f4d4a02c2d53ea5b89cd5b3b51aedc70_big

00513e3abe3639218e4bf8ed901d0a3f

«Байқауға уақт аз қалған сайын, толқып жүрмін. 100 тарта қатысушы қыздар әлемнің әр елінен келеді. Бастысы, елімізді жақсы таныстырып, өзімді 100 пайызға көрсете алу. Бәрі өз қолымызда. Мен өте позитивті адаммын. Мүмкін емес нәрсе болмайды. Өзіме сенемін» -деді Регина Вандешева.

«Әлем аруы-2015″ байқауы бұл жылы Қытайда өтеді. Әлемнің әр түкпірінен келген арулар бір ай бойы финалға дайындалады. Ол уақыт аралығында финалдық шоуға дайындық жүргізеді.

«Мисс Қазақстан» байқауының ресми стилисті Ирина Ашербекова Регинаның әлемдік байқауда киіп шығатын киім үлгілерін дайындап қойды. Ал ұлттық киімді танымал дизайнер Аида Кауменова өз мойнына алды.

Kaumenova

Asherbekova

Регина сахналық және кешкі киім үлгілерін көрсету кезінде голливудтық бренд SHERRI HILL-дің киімдерінде шығады.

Sherri Hill

«Әлем аруы-2015″ байқауы 19-желтоқсан күні Санья қаласында өтеді. 2014 жылы әлемнің ең сұлуы атанған Оңтүстік Африка Республикасынан келген Ролен Штраус тәжді жеңген аруға табыс етеді. Ал біз өз атымыздан Регинаға тек жеңіспен оралуын тілейміз.20141512135119

 

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

photo_22710

«Қазақстан аруы-2015″: Қатысушылардың ресми суреттері жарияланды

532 рет оқылды01.12.2015
алматы

Қазақстанның ең сұлу арулары анықталды

503 рет оқылды17.11.2015
f77906ff-8fba-4a08-8fe7-4808be900a75

«Астана аруы — 2015″ анықталды

631 рет оқылды13.11.2015
69fee4bc45fdde2cff994eb2dfb41dca

«Астана аруы» Түркияда өткен байқауда «Тop Model» атанды

824 рет оқылды08.10.2015
FAS1645-931

Күз маусымының негізгі 5 тренді

1 695 рет оқылды29.09.2015
pxwlmowWsQM

Айдай Исаева ана атанды

2 163 рет оқылды15.09.2015