Нұрлан Сегізбаев (Қожа)
Абдулла Қарсақбаевтың 1963 жылы түсірген «Менің атым Қожа» туындысы «Қазақфильм» студиясынан шыққан ең танымал фильмдердің бірі. Сондай-ақ, ол нағыз культке айналған кинолардың қатарына енді. Фильмде қарапайым ауыл қазағының Қожа есімді баланың өмірі туралы баяндалады. Бүкіл кеңес одағында танымалдыққа ие болған туындының басты кейіпкері Қожаны актер Нұрлан Сегізбаев сомдаған еді. Нұрлан Сегізбаев қазақ баласының образын ашу арқылы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Жарты ғасыр бұрын түсірілген фильмнің басты кейіпкері бүгінгі күнде драматургиямен айналысады. Сондай-ақ, жоғарғы оқу орнында сабақ береді. «Жаңа заманғы телевизиялық драматургиядағы коммуникативті тәжірибелер» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, ғылыми атаққа ие болды. Бүгінгі күнде Алматы қаласында өмір сүреді.
Ермек Төлепбаев (Алпамыс)
«Алты жасар Алпамыс мектепке барады» фильмі жыл сайын отандық телеарналарда 1 қыркүйек қарсаңында қайта-қайта көрсетіледі. Өйткені, Абдулла Қарсақбаевтың тағы бір мектеп балаларына арналған туындысы қазақстандық фильмографияның алтын қорынан орын тепкен. Алты жасында мектепке барғысы келген Алпамысты бүгінші күнде білмейтін қазақ баласы жоқ шығар. Ал басты рөлді сомдаған Ермек Толепбаевты қазір көпшілік біле бермейді. Қамал алар қырықтан асқан Ермек Төлепбаев бар-жоғы екі фильмге түскен. Оның актерлік карьерасы сонау 70-ші жылдардың соңында мәресіне жеткен.
Өнер жолын тастаған соң, ол құқықтық салада білім алып, өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі күнде Алматы қаласында тұрады. Әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы.
Берік Арықбаев (Қанат)
Қазақ кино әлеміне ерекше қарқынмен келген «Жаралы сезім» фильмі көпшіліктің көңілінен шықты. Басты рөлдерді сомдаған Қанат пен Арайдың тағдыры көрермендердің барлығын алаңдатты. Еркін Рақыщев түсірген фильмдегі басты кейіпкер Қанатты жас актер Берік Арықбаев сомдаған еді.
Қазір Берік Арықбаев Алматыдағы телеарналардың бірінде режиссер боп жұмыс істейді. «Жаралы сезімнен» кейін Берік ешқандай картинада ойнамады.
Маколей Калкин (Кевин)
Ол - өткен ғасырдың соңындағы ең танымал бала. Ол түскен фильм әр жылы жаңа жыл қарсаңында барша арналарда көрсетіледі. Маколей Калкин қатысқан «Один дома» фильмі әрбіріміз балалық шағымыз туралы ойлағанымызда есімізге түсетін кинолардың бірі. Басты рөлдегі ақылы бала Кевинді Маколей Калкин керемет ойнап шыққан. Кевин сияқты үйінде жалғыз қалуды, ұрыларды түрлі айлалармен жазалауды армандағамаған бала жоқ шығар. Ол осы фильмнен нағыз кино жұлдызға айналды. Бірақ, жылдар өтіп, Маколей Калкин ер жетіп, баяғы сүп-сүйкімді Кевиннен ештеңе қалмаған.
Қазір актерге киноға түсу туралы ұсыныстар аз түсетін көрінеді. Ол осы жағдайға шыдай алмай, ішкілікке беріліп, отбасынан да, достарын да айырылып жалғыз өмір сүріп жатыр. Жастайынан көпшіліктің қошыметіне бөленген актерді тану өте қиын.
Арнольд Шварценеггер (Терменитор)
1984 жылы жарыққа шыққан бұл фильм өз уақытының ең үздік әрі табысты туындыларының бірі. Ал басты рөлді сомдаған Арнольд осы фильмдегі кейіпкері арқылы кино әлеміне қадам басты. Джеймс Кэмеронның режиссерлік шеберлігінің алғашқы белгілері «Терминатор» арқылы көпке белгілі болды. Баршамыздың кумирімізге арналған Арноль Шварцнеггер әлі зейнетке шыққан жоқ. Алпысты алқаласа да атыс-шабыс фильмдерге түсуден шаршаған жоқ.
Чак Норрис (Каратист)
Атыс-шабыс фильмдердің «әкесі», кино әлемінің тірі аңызы Чак Норрис те біздің балалық шағымыздың өшпес белгілерінің бірі. Ол қатысқан киноларды көріп бірнеше толқын ер жетті. Бүгінгі күнде ол өзінің сүйікті ісі Шығыс жекпе-жегімен айналысады. Бос уақытын өзінің жеке спорт залында денесін шынықтыруға жұмсайды. Кино картиналарға жиі түспейтін болған. Соңғы рет Сильвестор Сталлоненің «Неудержимые» фильміне қысқа эпизодқа түскен еді.
Әлімғазы Смағұлқлы (Тайлақ)
Анасы баласына келін іздейді. Басында тақисы бар, ауылдан қалаға қыз іздеп келген жігіттің қызыққа толы оқиғалары баршамызға таныс. Басты рөлдегі жігіт география пәнінің мұғалімі, алпамса денелі Тайлақты Әлімғазы Смағұлұлы сомдады. Қазір актердің жасы сексеннен асып кетсе де жұрт оны «Тақиялы періштедегі» Тайлақ ретінде таниды. Қазір ол ауылшаруашылығымен айналысады. Он баланың әкесі. Кино саласында 12-ден астам картинада басты рөлдерді сомдаған.
Митхун Чакраборти (Джими)
60-шы жылдардың соңында үнді фильмдері келе бастады. Болливуд фильмдерінің ішінде культке айналған алғашқы туындылардың бірі Митхун Чакраборти ойнанған «Танцор диско» еді. Фильмдегі басты кейіпкер Джимми сол кездегі қыздардың махаббатына айналып, көпшіліктң ыстыө ықыласына бөленді. Бүгінде актер әлі фильмге түседі. Режиссерлік және продюсерлік қырларын көрсетіп келуде. Екі рет үйленіп, қазір төрт баланың әкесі. Балаларын ешқайсысын да актерлікке баулымаған.
Әли ұстаз (Эмрах)
2002 жылы түсірілген «Қыналы қар» атты түрік сериалы бүкіл әлемге танылды. Қазақстанда да жылы қабылданып, көрермендердің түрік фильмдеріне деген махаббатын оятқан алғашқы туындылардың біріне айналды. Қазақ тіліне аударылған бірінші түрік сериалы «Қыналы қардан» кейін қазақ телеарналарында түрік фильмдерін көрсету тенденцияға айналды. Ал «Қыналы қарда» Әли ұстаз рөлін сомдаған Эмрах та отандық көрермендер арасында танымалдыққа ие болды.
Ол қазір әншілікпен айналысады. «Қыналы қардан» басқа тағы бірнеше фильмдерде композитор ретінде өнер көрсеткен. Бес альбомның авторы. Қазір отбасын құрған. Үш баласы бар.
Роуэн Аткинсон (Мистер Бин)
Ағылшын комигі, бүкіл әлемге Мистер Бин есімімен танылған Роуэн Аткинсон да біздің балалық шағымыздың қаһармандарының бірі. Мистер Бин жайлы бірнеше картиналардың әлемдік деңгейде танымалдыққа ие болуына актердің түр-келбеті қатты әсер етті. Өзінің комедиялық бет-бейнесі оны ХХ ғасырдың соңындағы ең күлкілі адамдардың біріне айналуына себепші болды. Ол қазір де киноларға түсіп жүр. 2012 жылы Лондон Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысты. Бос уақтында машиналармен әуестенеді. Гаражында 12 түрлі көлігі бар. Қазір Англиядағы әртүрлі комедиялық шоуларға қатысып тұрады.