Гостиницы в Алматы
2016-12-26 14:50:04 117 0

Алматыда 200 мың доллардан астам ақша жұмсап, концерт өткізген Қайрат Нұртас келесі шоуына әлемге белгілі жұлдыздарды шақыратынын айтты деп хабарлайды Nur.kz Gakku арнасындағы әнші сұхбатына сілтеме бере отырып.

Бұған дейін Тимати мен Нюша секілді әншілерді концертіне шақырып, ән айтқан әнші алдағы жылдары мұхиттің арғы жағынан қонақ шақыратынын мәлімдеді.

"Менің 2018, 2019 жылғы концерттерімді күтіңіздер. Құдай қаласа, сол кезде 50 Cent пен Snoop Dogg-ты көріп қаласыздар", - деді әнші.

Қайрат Нұртас әр жылдың соңында үлкен концерт өткізіп, оған танымал әлемдік жұлдыздарды шақырады.

Пікір жазу