Гостиницы в Алматы
2017-04-25 19:13:15 17 0

Қазақстандық акробаттар - 25 жастағы Батыр Жанұзақ пен 23 жастағы Марлен Маратов Қытайдың Үрімші қаласында өткен Reality Show Talent байқауында көлік ұтып алды.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, біздің жігіттерден бөлек  жеті команда байқаудың үш кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, финалға өткен.

Жүлделі үш орынды Қытай қатысушылары алған. Ал қазақстандықтар 4-орынға тұрақтаған. Айта кетейік, шоу ұйымдастырушылары жеңімпазға жол талғамайтын көлік, күміс жүлдегерге - кроссовер, ал үшінші және төртінші орынды иеленгендерге Ford Mondeo көлігі берілді.

"Біз Алматыда тұрамыз және Қазақ мемлекеттік циркінің әртісіміз. Осыған дейін біз Испанияда, Францияда, Латвияда және Қазақстанда өткен цирк фестивальдерінің лауреаттары атанғанбыз. Қытайда өткен таланттар байқауының финалына қытайлық төрт команда, қазақстандық үш команда және Украиндан бір команда өтті. Көліктен бөлек бізге Бейжіңде өтетін таланттар шоуына жолдама берді", - деді байқау жүлдегерлері.

 

Пікір жазу