Гостиницы в Алматы
2017-05-04 15:30:49 84 0

Қыз Жібек Кенталдың бейнебаянына түсті. Өзінің бейнебаяндарына отандық шоу бизнес өкілдерін таңдайтын әнші жігіттің бұл жолғы таңдауы Қыз Жібекке яғни, Меруерт Өтекешоваға түсіпті.

«Клип бойынша… Ол құпия болсын дедім.Қыз Жібек Кенталдың бейнебаянына түсті Өйткені қызықтың бәрі алда. Клип жарыққа шыққан кезде білетін боласыздар. Сол кезде көресіздер», – дейді Кентал  НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында.

Түсірілімге  Меруерт Өтекешованы шақырғаны бекер емес сияқты. Себебі клипте Кенталдың өзі де егде жастағы қарияның кейіпіне енеді.Алайда жастық шақта баянсыз махаббатты бастан кешкен қариялар қолда бардың қадірін білмеген.

«Бұл клиптің сюжеті арқылы біз сүйіктілеріңізді жоғалтпаңыздар, құрметтеңіздер, сыйлаңыздар деп айтқымыз келеді. Бәрін айта алмаймын, жарыққа шыққан кезде түсінесіздер», – деп түсіндірді Кентал.

Ғашықтық сезімді суреттейтін видео «Космос» деп аталады. Әннің сазы мен сөзін жазған Талғаттың өзі.

Пікір жазу