Бүгін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынан «Мани, мани» қойылымын көре аласыздар.
Есімі әлемге танымал ағылшын комедиографы Рэй Куни комедиясының бас кейіпкері Генри Перкинс туған күнінде ойламаған жерден мол ақша тауып алады. Дипломаттағы 1 млн 750 мың фунт стерлингті өзінің өмір бойғы есепші болған адал еңбегінің өтеуі деп білген ол шетелге қашпаққа бел буады. Бірақ, өзгелер оны осынша мол ақшамен шетелге оп-оңай жібере салмақшы емес. Осылайша оқиғалар қым-қуыт сипат алады, барлық кейіпкерлердің шынайы бет-бейнесі «мани, мани» үшін күресте ашыла бастайды.
Әншейінде бәрі жақсы қарапайым адамдарды осындай бір сын сәттерде тану мүлдем қиын. Неліктен?
Бүгінгі қойылымда Асылбек Боранбай, Баян Қажынәбиева, Салтанат Бақаева, Елжан Тұрыс, Ермек Бектасов, Жасұлан Байсалбеков, Ғалымбек Оспанов секілді актерлардың өнерін тамашалай аласыздар.