Гостиницы в Алматы
2017-07-13 17:54:30 59 0

Бес салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер UFC файтері Конор МакГрегормен жұдырықтасқаннан кейін спортпен қош айтысатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды «Хабар 24».

Мейвезер басылымға берген сұхбатында екі жыл бұрынғы қалпында емес екенін атап өткен. 40 жастағы боксшының айтуынша, кәсіпқой спорттағы күш-қуат жұмсайтын жаттығуларға төзу қиынға соға бастаған.

«Бұл қолымнан келмейді. Екі мәрте спортқа қайтып келіп жатқанымды білемін, бірақ бұл жекпе-жек – соңғысы, ханымдар мен мырзалар», – деп мәлімдеді ол.

Денсаулығымен қатар спорттан кетуге оның жеке бизнесі де себеп болып отырғаны айтылады.

Еске салайық, жекпе-жек 26 тамызға белгіленген және ол бокс ережелері бойынша өтеді.

Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін бұл кездесуді ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. БАҚ мәліметі бойынша, Мейвезер – МакГрегор жекпе-жегінің жалпы табысы 500 миллион фунт (636 миллион доллардай) болады.

Пікір жазу