Сән әлемінде әр мезгіл сайын жаңа сән тенденциялары мен ескі стильдер жаңа үлгіде қайта сәнге оралады. Сондай-ақ ешқашан сәннен шықпайтын киім үлгілері бар. Соның бірі әлемге кең тараған деним киімдер.
Деним – жеңіл, тығыз мақта-мата кездемесі. Деним джинсы киімдер жасауда қолданылатын қымбат мата түрі. Денимнің негізгі түсі “индиго” (күңгірт көк түс). Қазіргі кезде ақты-көкті түсі де бар.
Деним киімдердің ерекшелігі барлық түспен, киімдермен әдемі үйлеседі. Prada, Stella McCartney, Burberry Prorsum, Gucci, Tod’s т.б сәнгерлер 2015 жылғы сәнді киімдер коллекциясында денимнің жаңа үлгілерін көрсетті. Ендеше коллекцияға кірген киімдермен таныстырып өтейік.
Ең сәнді деп аталған деним образдар:
Denim + Denim
Деним шалбар(немесе белдемше,шорты)ды деним жейде, пиджактармен бірге киген күнделікті(casual) стильді бейнелейді. Сондай-ақ, осы образда құрбылармен отыратын кешкілік жиындарға баруға болады. Екеуі де бірдей түсті болуы міндетті емес.




Denim көйлек
Деним сарафандар мен көйлектер осы жылдың сәнді трендінің бірі.


Denim пиджак
Үлкен өлшемді (oversized) және түрліше сәнделген деним пиджактар қай стильде болсын, образды айрықша сәнді көрсетеді.

Patchwork Denim
Patchwork — құрақ(жамау) – деним киімдерді сәндеудегі ең қарапайым әрі сәнді үлгі. Деним киімдерді суреттер, түрлі ұрандар(сөздер), затбелгілермен сәндеу пэтчуорктың танымал түрлері.





Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS