Гостиницы в Алматы
2017-01-02 19:48:49 418 0

Ninety One тобы бір түнде миллион теңге тапты деп хабарлайды Nur.kz.

Бір апта бұрын атышулы топтың Instagram-дағы ресми парақшасына "Көзді ашып-жұмғанша жаңа жыл да таяп қалды! Ал, біз сіздерге ерекше тосын сый дайындадық. Күтуге тағат қалмады, иә? Ескі жылдың соңғы сағатын, жаңа жылдың ең ғажайып, армандар орындалатын, сиқырға толы сәтін Ninety One'мен бірге қарсы алсақ, қалай қарайсың? Бiз армандарды орындаудамыз. Мұндай мүмкіндіктен қапы қалма!" деген мәтінмен шақырту жарияланған.

Жаңа жыл кешіне арнайы жасалған шақырту билеттерінің саны шектеулі түрде сатылды.

Сонымен қатар, басты шарттардың бірі - жаңа жылды топпен бірге қарсы алуға 21 жасқа толған және одан жоғары жастағы жанкүйерлер ғана қатыса алатын еді.

Топтың ресми парақшасының жазуынша, бағасы 40 мың теңге болған 25 дана билет бір-ақ күнде сатылып кеткен.

Ninety one

Пікір жазу