Гостиницы в Алматы
2017-01-10 11:48:21 41 0

Астанаға Пласидо Доминго келеді

Әлемнің ең танымал тенорларының бірі Пласидо Доминго Operalia атты вокалшыларға арналған халықаралық байқау өткізу үшін Астанаға келеді. Бұл туралы "Астана Операның" баспасөз қызметі хабарлады.

"Опера әншісі және дирижер Пласидо Доминго тағайындаған Operalia вокалшылар байқауы тұңғыш рет Қазақстанда ұйымдастырылады. Опера өнерінің XXV Бүкіләлемдік байқауы 2017 жылдың 24-29 шілдесі аралығында EXPO-2017 аясында "Астана Опера" сахнасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтетін болады", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Байқау үш турдан тұрады, ақтық гала-концертке маэстро Домингоның басқаруымен "Астана Опера" симфониялық оркестрі қолдау білдіреді. Байқаудың жүлде қоры 180 мың долларды құрайды.

Пікір жазу