Ташкентте өтіп жатқан құрлықтық додада Левит 91 келі салмақта ақтық сынға өткен болатын. Финалда отандасымыз үндістандық Сумит Сангванмен қолғап түйістірген. Бұл жайында, prosports.kz хабарлады.
Василий шаруаны кейінге қалдырмай, алғашқы секундтан-ақ шабуылға ұмтылды. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша Левит Сангваннан басым түсті. Есеп – 5:0.
Осылайша, Василий Левит Азияның үш дүркін чемпионы атанды. Бұған дейін ол 2009 және 2015 жылдары құрлықтық додада топ жарған болатын.