Гостиницы в Алматы
2017-04-26 11:29:32 113 0

Қытайдағы танымал «I am a singer» байқауында өнер көрсеткен қазақстандық әнші Димаш Құдайберген кеше таңертең Бейжің-Астана рейсімен елге оралған еді. Әншіні елорда әуежайында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, композитор Ұлықпан Жолдасов, Астана Опера директоры Ғалым Ахмедьяров, "Қазақ әуендері" президенті Асхат Маемиров және көптеген жанкүйерлері мен туыстары күтіп алды.Димаштың құрметіне «Әлем таныған Димаш» атты салтанатты кеш ұйымдастырылған болатын. Бұл шараны Димаш «Туған жер» әнімен бастады. Сондай-ақ «Дайдидау», «Махаббат бер маған» сынды әндерін орындады.

Димаш инста парақшасы арқылы: «Астана қаласында маған арналған салтанатты кездесу рәсіміне қатыстым! Мен үшін бұл тосын сый болды! Жетістігіме қуанып, жеңісімді бөлісуге келген барша жерлестеріме, қонақтарға үлкен раxмет!!! Алдағы уақытта жеке ән кешімде кездескенше!»- деп жанкүйерлеріне өз алғысын білдірді.

 

Пікір жазу