Гостиницы в Алматы
2017-01-27 01:38:36 59 0

Футболдан әлемнің бес дүркін ең үздік футболшысы 2017 жылы үйлену тойын жасайтын болды деп хабарлайды Eurosport.ru.

Өткен жылдың желтоқсан айында аргентиналық футболшы Антоналла Рокуццоның қолын сұрап, оның келісімін алды.

Той Аргентинадағы Росарио қаласында өтеді. Бізге белгілі ақпарат бойынша, Месси үйлену тойын өзінің туған күні жасайды. Яғни, той 24 маусымға жоспарланған. Дәл осы күні Лионель Месси 30 жасқа толады. Мерекелік кешке 700-ден астам адам шақырылған.

Антоналла Рокуццо мен Лионель Месси 2008 жылдан бері азаматтық некеде. Олардың қазір екі ұлы бар.

Месси 2009, 2010, 2011, 2012, 2015 жылдары әлемнің ең үздік футболшысы атағын жеңіп алған.

Пікір жазу