Бұл туралы әнші өзінің Instagram-парақшасында жариялаған болатын.
"Келесі байқау күніне режиссерлердің ұйғарымымен Витастың ең күрделі әні "Опера 2"-ны шырқамақпын! Витастың дауысынан 4 модуляциямен 2 тон жоғары айтуға бел будым! Қалай болатынын бағалай жатарсыздар!" - деп жазды Димаш Құдайбергенов.
Екінші кезеңі 28 қаңтар күні Бейжің уақыты бойынша 22:05-те (Алматы уақыты бойынша 20:05) жүреді. Байқау жалпы 14 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленген болатын. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады.

Пікірлер