Шоу-бизнес

Қайрат Нұртас саясатқа бет бұрмақшы

 

Қазақстан эстрадасының танымал әншісі Қайрат Нұртас Лада.kz тілшілеріне берген сұхбатында өзінің алдағы уақытта саясатқа кетуді жоспарлап жүргенін айтты. Сондай-ақ, ол Бибігүл Төлегенованың сынына байланысты да пікірін білдірді.

Белгілі әншінің айтуынша, оны Шымкенттегі концерттерге жиі шақырады екен. Ал соңғы кездегі экономикалық дағдарыс Қайрат Нұртастың кәсібіне еш әсер етпеген.

«Мен әр концерттен қанша теңге алатынымды өзім білмеймін. Өйткені, коммерциялық жағына жауап бермеймін. Маған мұнда бару керек деп нұсқау келеді, мен сол жерге барып ән айтамын. Қалғаны менің жұмысым емес. Ал, әлемдегі дағдарыс, мұнай бағасының арзандап кетуі менің концерттеріме еш кері әсерін тигізген жоқ. Бұрын қандай болса қазір де дәл сол күйінде«, — дейді әнші тілшілерге берген сұхбатында.

Қайраттың сөзіне қарағанда ол үшін шешімнің көпшілігін анасы қабылдайды екен. Ал болашақта әнші өзін саясаттан көргісі келеді.

«Ән айтып жатырмын, менің атыммен аталатын киімдер желісі бар, киноға түсіп көрдім. Енді болашақта өзімді саясаттан көргім келеді» дейді әншінің өзі. Ол сондай-ақ, Бибігүл Төлегенованың айтқан сынына қатысты да өз ойын білдірді.

«Мен ол үшін тіпті қуандым, демек сондай үлкен адам Қайрат Нұртасты тыңдайды. Иә, өнер болған соң әркімнің өз пікірі бар. Мен Бибігүл апамды сол үшін жек көріп кеткен жоқпын. Ол мен үшін анамдай адам. Оны құрметтеймін«, — деп Қайрат Нұртас сұхбаттың соңында ағынан жарылды.

 
baq.kz сайтынан

Пікірлерді оқу (1)

1 пікір

  1. Жұбатқан

    24.12.2014 , 16:23

    «Ит жоқ та шошқа үреді»-, деп енді қалғаны саған саясат ед. Айналайын-ау әніңді айтып жүре берсейші. Саясаттың салмағын көтере алмайсың-ау осы сен.

Шоу-бизнес
2 434 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

CYMERA_20150202_191520

Алтынбек Рахметов: «Мұндай дауыс қазақ эстрадасында болмаған!»

55 рет оқылды02.02.2015
oiNsiFoGNFc

«Сарын» тобына не болды?

1 147 рет оқылды01.02.2015
10955925_638934372895223_89247104_n

Ақылбек Жеменей тағы да бір әншіні жетекшілігіне алды

621 рет оқылды31.01.2015
photo_13321

«Қазақфильм» киностудиясына жаңа басшы тағайындалды

550 рет оқылды30.01.2015
10947510_780699428673476_1123149240_n

Алматыда Павлодарлық өнерпаздардың «Қазақ елі» концерті өтеді

240 рет оқылды29.01.2015
10958735_637901902998470_1284487326_n

Қайрат Нұртас Дәулет Болатовқа продюсер болды

2 162 рет оқылды29.01.2015