Жаңалықтар

«КешYOU» тобының мүшесі Жұлдыз Өмірғали бір кездері топтан кетіп қалғысы келгенін айтты

Мерейтойлық концерті алдында «КешYOU» тобының мүшелері Жұлдыз, Ақбота мен Балжан Comode.kz сайтына сұхбат беріп, концертке дайындықтары және топқа алғаш келгендегі қиындықтары жайлы айтып бері, деп хабарлайды Baistars.kz.

Он жылдық мерейтойлық концертіне дайындықтан топ мүшесі Жұлдыз Өмірғали Тұрар Рысқұлов атындағы университеттегі сабағына қатысуға уақыт таппай жүргенін мәлімдеді. Ол аталмыш университтете әлемдік экономист мамандығына оқиды. «Дайындық бар, гастроль бар, оқуымды үлгере алмай, үшінші курста екінші жылға қалып қойдым. Қазір үшінші курсты тағы да оқып жүрмін (күледі). Топтың биылғы он жылдық мерейтойына байланысты тағы да оқуым шетте қалып қалды. Бір жақсысы, оқу орны бізге қатыспаған сабақтарды кешігіп тапсыруға мүмкіндік береді. Бірнеше күн ұйықтамасам да, бұл жол бәрін тапсырамын деген ойдамын» — деді әнші.

IMG_6924

Сонымен қатар, Жұлдыз бастапқыда көпшіліктің Айдана мен Кәмшатқа жете алмайтындығын меңзеген сыннан, қысымнан шаршап, топтан кетіп қалғысы келгендігін айтты. «Айдана мен Кәмшатқа үйреніп қалған адамдар, мені қабылдамай, басында сын көп айтатын. Естімеген сөзім жоқ. Апам да уайымдап, «шыдай аласың ба?» деп сұрайтын. Кәмшат, Айданамен жарты жыл жұмыс істеп, қысқы демалысқа шықтық. Сол кезде әбден ойландым» — деп ағынан жарылды әнші. Дегенмен, продюсерлер қызға ойлануға көп уақыт бермеген екен. Әнші демалысының бесінші күні топ түбегейлі ауысатындығы мәлімделеді. Осылайша, әншінің жаңа тынысы ашылып, шабыты қайта оралады.

Бұған қоса, бастапқыда топ мүшелері әркім өзін көрсеткісі келгендіктен жиі сөзге келіп қала беретін болған. Бір-бірінің сөзін көтермей, жиі ұрыса беретіндіктен продюсер Баян Мақсатқызынан «Офис бала-бақша болып кетті» деген ескерту еститін. «Сен қолыңды дұрыс көтермедің, аяғыңды дұрыс қоймадың» деп, бір-бірімізге жиі тиісетінбіз» — дейді топ мүшесі Жұлдыз. Ал Балжан мұның бәрі бір-бірін дұрыс танымағандықтан орын алғанын түсіндірді: «Топқа келгенге дейін таныс болған емеспіз. Әрқайсымыздың мінез-құлықтарымыз әртүрлі. Қазір оның бәрі артта. Үйрендік» — деді Балжан.

Айта кетейік, 2016 жылы «КешYOU» тобына 10 жыл толады. Осыған орай, олар үлкен жеке концерт беруді жоспарлап отыр. Концертке топта бұрынырақта өнер көрсеткен қыздар да қатысады деп күтілуде.

Сурет: Comode.kz

Пікір жазыңыз
Жаңалықтар
1 252 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

men

Қазақстанның ең бай әншісі туған күнін тойлауда

466 рет оқылды26.02.2016
skolko-poluchaet-andrej-arshavin-v-kubani

Андрей Аршавин «Қайрат» сапында ойнайтын болды

93 рет оқылды26.02.2016
кеш

«КешYOU» тобының жаңа бейнебаяны шықты

313 рет оқылды26.02.2016
f2JEcSXqgHo

Бибігүл Ақтан жабайы аңдарды қорғау ұйымының өкілі атанды

118 рет оқылды26.02.2016
maxresdefault

«16 қыз» фильмінің тұсаукесері Қарағандыда өтті

250 рет оқылды26.02.2016
Мархаба

Мархаба Сәбиева сәтсіз туындысын Мақпал Исабековаға сыйлады

605 рет оқылды26.02.2016