Жаңалықтар

Қазақ хандығы туралы телехикая тағы да қысқартылды

 Қазақ хандығының 550 жылдығына  орай елімізде танымал режиссер Рүстем Әбдірашевтың режиссерлігімен «Қазақ хандығы» деп аталатын 20 cериялы  телехикая түсірілетін болған. Алайда біраз уақыт өткен соң 20  сериялы телехикаяның бөлімдері қысқарып,  10  сериясы  ғана түсірілетіні белгілі болды. Енді ол 10  серияның тағы да 3 сериясы қысқартылып жатқаны анықталды. Бұл туралы Рүстем Әбдірашев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында хабарлады.

Режиссердің айтуынша сериалға бөлінген қаражат жеткіліксіз екен. “Қазақта «Алапа» деген сөз бар. Жаугершілік заманда «Алапа» әскерге көрсетілетін көмек. Мысалы, соғыс кезінде батырдың аты міністен қалса, ол кез келген ауылдан келіп алапа сұрайды. Алапа сұраған батырға халық жылқысын, малын, азық-түлігін, үйіндегі барын берген екен. Көнеден қалған жақсы дәстүрді жаңғыртқалы отырмыз. Қазақ хандығы қандай қиын-қыстау кезеңді бастан өткеріп барып құрылды? Режиссер ретінде сол кезеңдегі жағдайды бастан қайта кешкендей күйде отырмын. Тап осындай сериал түсіретін шақта алдымыздан дағдарыс шыға келгені қиын болды. Сериалға бөлінген қаражат жеткіліксіз, уақыт тығыз. Расында да, қаражат жеткіліксіз. Анау түріктің «Сүлеймен сұлтаны» сияқты сериал болса жеңіл болар еді. (Күлді). Кинотанушылар ол сериалды «сөйлейтін бастар» сериалы деп атап жүр. Ондай сөйлейтін бастардың сериалын жасайтын болсақ, мына бөлінген қаражатты қиналмай жеткізер едік. Әжептәуір қаламақы да аламыз. Ал көшпенді қазақтың көшін, батырлардың шайқасын, салт атты қазақ мәдениетін, хандардың ай бынын, ханшалардың сән-салтанатын көрсете алмасақ онда бұндай сериал түсіріп керегі не?!”, – дейді ол.

Режиссер аз қаражатты жеткізу, үнемдеу үшін бекітіліген он серияның тағы үш серияға тағы қысқартылығанын атап өтті. “Сериалды әуелде жоспарлағанда кеңінен сілтеп, тарихи оқиғаларды, әсіресе, шайқастарды молынан кірістірген едік. Алайда қаржыға байланысты түсірілім жұмыстарын қайтадан есептеп, қысқартып жатырмыз. Қазір соңғы бекітіліген он сериалды үш серияға тағы қысқарттық. Бұл қаражат қазіргі заманғы жобаларға жұмсалатын болса жеткілікті болар еді. Бірақ, тарихи сериалға жетпейді. Мәселен, 200 мың адамның Өзбек ұлысынан бөлініп, Моғолстанға көшуінің шетжағасын көрсетуге қаражат жеткіліксіз. Кемінде 500 адамды сол заманға сай кинідіру керек”, – дейді Әбдірашев. Сонымен қатар, режиссер егер қалталы азаматтар, кәсіпкерлер көмектесіп жатса, қысқарып кеткен үш серияға жуық шайқастар сахнасын қайтадан қосып жіберуге болатынын да айтып отыр.

 KMS_17551-640x427

 

photo_9984-640x427

 

 

 

 

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

photo_54015

Бокстан əлем чемпионы Біржан Жақыпов Рио Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды

54 рет оқылды11.07.2015
603fdbf6750e57deea464d4821e6b628

«Тақиялы періште 2″ фильміне актер керек

155 рет оқылды10.07.2015
загруженное-15

Бейбіт Шүменов WBA бойынша ТОП-15 рейтингінде көш бастап тұр

273 рет оқылды10.07.2015
1430266307us3xy-620x400

Батырхан Шүкеновтың баласы Нью-Йоркте өткен әкесінің еске алу кешіне барды

496 рет оқылды10.07.2015
61EWSDTBVP8

Ринат Зайытов: «Менің құдай берген жалғыз мемлекетім бар!»

808 рет оқылды10.07.2015
1594

Жамбыл облысының әкімі Бейбіт Ыстыбаевқа автокөлік кілтін тапсырды

352 рет оқылды10.07.2015