Кино & театр

Тұрсынбек Қабатов оралдық жерлестеріне 500 мың теңге аударды

Оралдың тумасы, өнерімен барша Қазақстанға танылған белгілі әзілкеш шоумен Тұрсынбек Қабатов өзінің жерлестеріне қолдау білдіріп, есепшоттарына 500 мың теңге қаржы аударды.

Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде кәсіпкер Біржан Құжақов Тұрсынбек Қабатовтың мүгедек жандарға көмектесем деп сөз беріп, сөзінде тұрмай кеткені туралы жазған еді. Біржан мырзаның айтуынша Тұрсынбек мүгедек жандардың кәсібіне қажетті құрылғы алып берем деп уәде еткен екен.

Алайда өнер иесінің уақыты болмай, қарбалас жұмыстармен жүргенінде есінен шығып кетті ме, әлде мүмкіндігі болмай қалды ма, ол жарымжан жандарға берген уәдесін кешіктіргені туралы ақпарат әлеуметтік желі арқылы жұртшылыққа тарап кетті.

Тағдырдың сынағына мойымай, ешкімге салмақ салмай өздерінің ісін дөңгелетіп отырған мүгедек жандар өздеріне қарата айтылған бір ауыз жылы сөзді көңілдеріне медеу ететіні белгілі. Сондықтан да болар олар Тұрсынбек Қабатовтың қаржылай көмектсеуге тырысам деген сөзіне балаша қуанғандарын жасыра алмады.

Уақыт өте келе олардың көкейінде “жұлдыз” өздерін неге алдады, сөзінде неге тұрмады деге күмән болғаны да өтірік емес. Олар өздерінің назын әлеуметтік желі арқылы көпшілікпен бөлісті. Енді міне, жақында жанашыр азамат, өнерде өз орны бар дарын иесі Тұрсынбек “Ғибадат” ЖШС жұмысшыларын, қолдары алтын шеберлерді, кәсіп иелерін бір қуантып, олардың есепшоттарына 500 000 теңге аударды.

Оралдық мүгедек жандар бір ауыздан Тұрсынбекке алғыстарын білдірді.

Ақпарат: Алаш Айнасы

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

d959a024685e67a7c5c48d208e498e82

Сеньор Сәбит жасөспірімдер театрына директор болды

629 рет оқылды25.04.2015
90.189.192.11_788

Бекмамбетовтың фильмі Голливудтың үздік үштігіне кірді

512 рет оқылды25.04.2015
photo

Желтоқсан туралы танымал үш шығарманың бірі —  менің пьесам

542 рет оқылды24.04.2015
зал

Голливуд персонаждарын қазақша сөйлеткен кімдер?

455 рет оқылды23.04.2015
1045587575

Тимур Бекманбетовтың жаңа фильмі АҚШ-та прокатқа шықты

365 рет оқылды21.04.2015
prikaz

Қазақстанда төрт сериялы соғыс драмасы түсіріледі

723 рет оқылды11.04.2015