Гостиницы в Алматы
2017-05-15 15:09:50 27 0

Жанхош Тұраров Қанат Исламның қатысуымен өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Жекпе-жек кеші 26 мамыр күні АҚШ-тың Флорида қаласында өтеді.

Кәсіпқой бокста ел намысын абыроймен қорғап жүрген 26 жастағы Жанхош Тұраров (20-0-14 КО) өзінің кезекті кездесуін, бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат «QAZAQ» Исламның (23-0, 19 КО) қатысуымен болатын бокс кешінде өткізетін болады. Бұл жайында Жанқоштың әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.

Қазір кездесуге отандасымыз дайындықтарын өткізіп жатыр. Әзірге Тұраровтың қарсыласы кім болатыны анық емес.

Естеріңізге сала кетейік, Жанхош Тұраров кәсіпқой бокста 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Өзнің соңғы кездесуін ол 29 қазан күні «Алматы Арена» спорт кешенінде ганалық Исаак Аримен кездесіп, жеңіске жеткен еді.

 

Пікір жазу