Спортшыны №7 ауруханаға алып келген, алайда ол есін жимастан қайтыс болды.
«Дана Ахметова өте дарынды спортшы болатын. Жарыстарда жеңіске деген ұмтылысы ерекше еді. Маусым басталғалы бері Жастар ойындарының шосседегі сайысында – күміс, тректегі сайыста – 2 қола медалін иемденген болатын. Оның қазасы барлық велоқауымдастық мүшелері үшін ауыр қайғы болып отыр. Оның отбасына қайғырып көңіл айтамыз», – деді Қазақстан велосипед спортының Федерациясынан.
Дана Ахметова Солтүстік Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында білім алған. Қазақстан Республикасының спорт шебері 2016 жылдан бастап Олимпиялық дайындық орталығының спортшылары тізіміне алынған.
Tengrinews.kz-тің мәліметінше жас спортшы Алматыда өткен жарыста ыстық өтіп, қайтыс болған. Бұл туралы оның ағасы Әмірбек Ахметов айтып берді. Бірінші болып оның әлсірегенін бапкері байқаған. Оқиға 2017 жылдың 23 маусымында болған.