Гостиницы в Алматы
2015-03-24 21:30:58 8262 1

Төрт жыл бұрын тұрмыс құрған Дильназ Ахмадиеваның тойы мен күйеуінің сипаты, тіпті оның есімі қалың жұрт үшін бүгінге дейін жұмбақ еді. Алайда жан-жарының туған күнімен құттықтау суреті құпияның бетін ашты.

«Сүйіктім! Жан жарым, сен менің тірегімсің! Денің сау болып, қашан да жанымнан табылып жүре бер. Мен сені сүйемін, күннен күнге махаббатым арта түсуде. Сен керемет жансың!» - деп жазылған тілек пен жарияланған фотосуретке әншінің инста парақшасындағы 13мың 500ден астам оқырман «лүпіл» яғни «ұнату» белгісін басып үлгеріпті. Оған қоса көптеген пікір қалдырылып, көпшілік күйеу жігіт жайлы толық ақпарат алғысы келетіндігін жеткізген.

Дильназ бен Ахмад үйлену тойынан 1 жарым жыл бұрын гастрольдік сапарда танысқан екен. Бірақ оның шоу-бизнеске еш қатысы жоқ, анық ақпар астаналық кәсіпкер екендігі ғана.

Осы жылы Дильназдың жоспарында ана атану мен отбасылық өмірдегі маңызды шаруалар тұр. «Көзден кетіп жатсам да, көңілдеріңізді салған әнім жылытып, жақсы жаңалықтарыммен қуантуға тырысамын» -дейді әнші.

Ақпарат: Comede.kz

Пікірлер

  • Айжан
    Қазақстан футбол федерациясынын қызметкері қазіргі таңда. Бизнесмен екенін билмеппин))))))

Пікір жазу