Кино & театр

Ақан Сатаевтың жаңа фильмі жарыққа шықты

Танымал кинорежиссер Ақан Сатаев «Хакер» киносының афишасын жариялады. Режиссер афишаны бүгін өзінің  Facebook  әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті. Афишада жаңа туындының жақын арада прокатқа шығатыны белгілі болды.

Естеріңізде болса, «Сатайфильм» кинокомпаниясы канадалық «Know Rules Media» кинокомпаниясымен бірігіп, «Хакер» киножобасын қолға алып, 2013 жылы түсірілім жұмыстарын бастаған болатын. Сондай-ақ, Қазақстандағы ең табысты режиссер саналатын Ақан Сатаев бұған дейін «Рекэтир», «Жаужүрек мың бала», «Адасқандар», «Ликвидатор» атты картиналарды түсіріп, отандық кинематографияда өз беделін мықтап бекемдеген суреткер. «Хакер» драмалық триллері Ақан Сатаевтің алғашқы батыстық жобасы.

Тимур Жақсылықов пен жас кинематографшы Санжар Сұлтанов  жазған сценарийдің желісі бойынша, кинофильмде несие картасын алаяқтық жолмен бұзып күн көретін хакердің шынайы өмірі баяндалады. Жас жігіт жеңіл жолмен байлыққа кенелгісі келіп, хакерлік әлемнің түбіне тереңдеп кетеді. Бірақ ол жеңіл ақшаның соңы ауыр азапқа алып келерін кеш ұғады. Фильмде Эмигранттар отбасында дүниеге келген киберкеңістіктің маманы Алекс Данилюктің рөлін жас актер Каллэн Маколифф, ал, оның құрбысының рөлін Кира Уитталды Джек Николсонның қызы Лоррейн сомдайды.  Түсірілімнің өзі Нью-Йорк, Торонто,  Бангкок секілді ірі қалаларда өткен.

Батыстық туынды режиссер үшін үлкен тәжірибе жинауға арналған мектеп болды. «Мен үшін бұл тағы бір мектеп, өте үлкен тәжірибе. Көп нәрсе үйрендім. Түсірілім процесстерінде үлкен айырмашылық болмаса да, қызметшілермен жұмыс істеу тұрғысынан біраз айырмашылық бар екен. Мысалы, актер 12 сағаттан көп жұмыс жасамауы керек. Ал режиссер эпизодта ойнайтын актерлермен сөйлеспеуі керек, кеңес бермеуі керек, тек көмекшілері ғана. Егер басшы онымен сөйлессе, онда ол актердің табысына тағы табыс қосылады. Немесе, егер актерлер кадрда бір-бірінің иығынан түрту керек болса (мен төбелесу жайлы айтпаймын, жай ғана иығын тигізу), онда мұны трюкачтар жасауы тиіс екен. Ал егер актерлер өздері істесе, онда тағы ақша сұрайды. Тағы бір қызықтысы, түскі ас уақыты қатаң реттелген және үзіліс кезінде ешкім жұмыс жайлы әңгімелеспейді , тіпті тыйым салынған»,-деп Ақан Сатаев баспасөз беттеріне берген сұхбатында айтып кеткен.

Ендеше, көптен күткен батыстық жаңаша туындыны жақын арада көретін боламыз.

10898151_779731252101149_613165687693047147_n (2)

1391777093

1391777116 (1)

1391777006

photo

1391777066

Пікірлерді оқу (1)

1 пікір

  1. Гаухар

    23.01.2015 , 11:31

    Біздің қазақ актерлер ойнамайма?

Кино & театр
1 955 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

8c92e24adb29976fb5ffd5de751d73b7

Белгілі режиссер Қалдыбай Әбенов көмекке мұқтаж

899 рет оқылды27.01.2015
10942275_636048306517163_53828452_n

Досжан Табылды: «Менің кумирім — Брюс Ли»

564 рет оқылды25.01.2015
10893476_569362949866352_923922038_n

10 образдың 10 сөзі

539 рет оқылды24.01.2015
Unfriended

Тимур Бекмамбетов көрермендерді тағы да таңқалдырмақ

2 377 рет оқылды20.01.2015
thumb_700x394_0fecd7cb2eab4a742dd16a7b6baec89c

Айдос Бектемір голливудттық киноға түсті

2 130 рет оқылды16.01.2015
08060fb03b6c6bd9f1a4bb60a0d7808a

Нұртас Адамбаев пен Аружан Джазильбекова комедиялық фильмнің басты рөлін сомдайды

1 232 рет оқылды04.01.2015