Қазақстандық танымал актерлер Нұртас Адамбаев, Аружан Джазильбекова, Даурен Айдарбеков «Свадьба на троих» атты комедиялық киноның басты рөлінде ойнайды. Комедиялық фильм көрермендерге 2015 жылдың наурыз айының 5 жұлдызынан бастап көрсетіледі.
«Вузеры», «Бажалар», «Папины дочки» атты сериалдардың сценаристі болған Асқар Бисембин кезекті фильмнің режиссері. Бұл фильм Асқар Бисембиннің алғашқы толықметражды туындысы. Картинаның продюсері-Баян Еримбет, операторы-Айдар Оспанов, композиторы-Никита Караев.
Фильмнің желісі басты рөлдегі қу Азаматтың өміріндегі қызықты әрі бұзақылық жасаған кезеңдерінен құралған. Ол тіпті жан досы мен оның сүйіктісі Алияның тойын да бұзбақшы болады. Сондай-ақ, мұндай тойды қазақстандықтар бұрын соңды көрмегенін фильмнің режиссері мәлімдейді.
Фильм Алматы қаласында 29 күн аралығында түсірілген.



Нургул
27.01.2015 , 17:42
Кино оте кызык сиякты! Нуртас Адамбаев ойнайтын кинолар оте кызык кой, асиресе Келинка Сабина оте кызык! Мен барлык кино ужымына саттилик тилеймин! Кино шыга салысымен биринши болып баратын шыгармын! Тек кана алга!