Шоу-бизнес

Қазақ эстрадасындағы 6 үздік патриоттық ән

Ән — өнер ғана емес, ән — өмір, ән — тарих, ән — саясат. Әнмен халықты жылатып та, жұбатып та, тіпті жаулап алуға да болады. Әсіресе, әнді тыңдай алатын, бағалай алатын, одан небір жайттардың бейнесін көре алатын сезімтал қазақ халқы үшін оның құдіреті ерекше. Ән адам жанын тербеу арқылы бүкіл халықты тәрбиелеуге қауқары әбден жетеді.
Өтпелі кезеңде ұлттық мінезімізді көркейтуге септігін тигізіп, азаматтық парыз сезімін тәрбиелеуге арқау болған әндер баршылық. Дей тұра, қазіргі таңда уақыт өткен сайын орындаушысымен бірге «қартайып» бара жатқан әндердің саны басым сияқты. Жоқ, біз бұл әндер енді шырқалмайды дегіміз келмейді. Бірақ, осы әндерге татитындай, жаңа әндер жазылмай жатқанына жабырқағанымыз деп түсініңіздер.
1956 жылы тың игеру кезінде Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні 2006 жылдың 7 қаңтарында Елбасымыздың тарапынан мәтініне түзетулер енгізіліп, Қазақстан Республикасының Әнұранына айналды. Тарихи шындықпен астарласып жатқан бұл әннің деңгейі де, дәрежесі де бір бөлек. Мемлекеттік Әнұран — рухани жалау. Ол бізді бейбітшілікке, ізгілікке, бірлікке, достыққа үндейді. Халқымызға адал қызмет етіп, елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға септеседі.

1647

Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекені» де тыңдарманның отансүйгіштік рухын оятып, делебесін қоздырады. Ол шаттандырып, шарықтатып, асқақтатып жіберетін әндердің әлі де көшбасында келеді. Қуаныш-қайғысын әнмен жеңілдететін қазақ үшін бұл ән  қашанда халықтың сұранысына ие. Қазақ ССР-ның 50 жылдық мерейтойына жазылып, патриоттық рухтың құнарлы мәйегіне айналған «Атамекен» әніне  биыл 45 жыл толып отыр екен.

загруженное

Тіршілігінің бар тынысы, тармақ-тарауы әнмен астасып жатқан, ен даланы еркін жайлаған елді жігерлендіре түсетін тағы бір ән 1996 жылы дүниеге келген еді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзіне жазылған Бекболат Тілеуханның «Елім менің» атты әні бірден тыңдарман жүрегін жаулап алды.

XUq18ov8cDw

Жақсы әннен өзіңше бір сыр тыңдап, ләззат алатынымыз жасырын емес. Оның әсерімен сол әншіні өзімізге жақын тартып, жақсы көретініміз де рас. Сондай төрт құыласы тең түскен әннің тағы бірі – 90-шы жылдардың ортасында туған Роза Рымбаеваның орындауындағы «Қазақ елі». Сөзін жазған — Сейдолла Бәйтереков, әні – танымал композитор Шөмішбай Сариевтікі. Біршама лирикалық сарынмен астасып жатса да, бұл ән төбе құйқаңды шымырлатпай қоймайды.

1181852308

Елім дегенде езіліп кетуге даяр жүрекке махаббат пен қатар мақтаныш сезімін ұялатқан, әдемі әуені мен мазмұнды мәтіні үйлесім тапқан әннің бірі – әрине, Музарт тобында. Оған дәлел, Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің әні «Өз елім». Орнымыздан тік тұрып құрмет көрсетпесек болмайтындай көрінетін бұл әнді, ойда жоқта естіп қалсақ, іштегі патриоттық сезім тулап қоя беретіні өтірік емес.

МузАрт

Соңғы 5-6 жылда халықтың ерекше ықыласына бөленген, жанды тебірентіп, рухты оятатын, нағыз патриоттық ән — Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені».  1992 жылдың 22 мамырында Тәуелсіз елдің көк туы қабылданған болатын.  Көгілдір экраннан Елбасының байрақты тізерлеп тұрып сүйгенін көрген ақын Алмас Ахметбекұлының сағынышы мен махаббатынан туған өлең жолдарына марқұм Ермұрат Зейіпхан әуен жазады. Алғашында опера жұлдызы Майра Мұхамедқызының орындауындағы бұл әнді Ибрагим Ескендір домбырасына салып, тыңдарман қауымның көңілін ерекше баурап алады.

I0Gz1JQ9tB0

Өмірінің кез келген бөлігі әнмен өріліп жатқан қазақ үшін әннің құдіреті ерекше. Әнсіз өмір жоқ. Тәуелсіздігіміздің жылдарында талай жақсы әндер өмірге келіп жатыр. Оларға деген сұраныс та артып келеді. Сондықтан да біз келесі әңгімемізде
2000 жылдардан кейін шыққан патриоттық, рухты әндерге сараптама әзірлейтін боламыз.

Клара Ермағамбетова

Пікірлерді оқу (3)

3 пікір

  1. feruza

    24.01.2015 at 12:30

    Өте дұрыс.оған ешкімнің де таласы болмас.

  2. Өмір ағай

    24.01.2015 at 16:39

    Ойымыз бір жерден шығыпты.

  3. Medet

    25.01.2015 at 21:05

    Дурыс айтасыз, ойынызга косыламын, окинишке орай сонгы кездери мундай патриоттык андер орындалмай кетти, ол орындаушыдан ба ал де тындаушыдан ба мулде тусиниксиз.

Бөлімнің басқа жаңалықтары

oiNsiFoGNFc

«Сарын» тобына не болды?

359 рет оқылды01.02.2015
10955925_638934372895223_89247104_n

Ақылбек Жеменей тағы да бір әншіні жетекшілігіне алды

285 рет оқылды31.01.2015
photo_13321

«Қазақфильм» киностудиясына жаңа басшы тағайындалды

359 рет оқылды30.01.2015
10947510_780699428673476_1123149240_n

Алматыда Павлодарлық өнерпаздардың «Қазақ елі» концерті өтеді

193 рет оқылды29.01.2015
10958735_637901902998470_1284487326_n

Қайрат Нұртас Дәулет Болатовқа продюсер болды

1 756 рет оқылды29.01.2015
6MNLZPGkTO0 (1)

Кәмшат Жолдыбаева түрлі образда

2 137 рет оқылды28.01.2015