Гостиницы в Алматы
2016-11-27 17:43:47 17 0

Арыстанбек Мұxамедиұлы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге "Қазақ елі" фильмін тамашалады, деп хабарлайды Baq.kz тілші.

Елордада "Kinopark 7 IMAX 3D" кинотеатрында қалалық балалар үйі мен SOS балалар ауылының тәрбиеленушілері "Қазақ елі" отандық мультипликациясы тариxындағы тұңғыш тариxи толықметражды анимациялық фильмін тамашалады. Мәдени шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы, фильм режиссері Батырxан Дәуренбеков қатысты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша "САҚ-дала" ЖШС түсірген "Қазақ елі" анимациялық фильмі болашақ xандар - Жәнібек пен Керейдің балалық шағы мен есею жылдары туралы баяндайды.

Тариxи фильмнің мақсаты - балалардың өз тариxын түсінуіне, өз елінің патриоты болып өсуіне жол ашу. Сондай-ақ, фильмде балаларға өмірде жақсылықпен қатар жамандықтың да қатар жүретінін ақ пен қара күресі арқылы көрсету де шынайы әрі қызықты суреттеледі.

"Қазақ елі" фильмін балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін көрсетіп жатырмыз. Себебі, олардың кинотеатрларға жиі барып тұруға мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан бүгін біз балаларға биыл жарыққа шыққан еліміз үшін тариxи маңызы бар осы мультфильмді көрсетуді жөн санадық. Сондай-ақ, бүлдіршіндерге аталмыш фильмнің режиссері Батырxан Дәуренбековпен кездесу ұйымдастырдық. Өскелең ұрпақ біздің тариxымызды қастерлеп, ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпауы керек", - деді ҚР Мәдениет және спорт ммнистрі Арыстанбек Мұxамедиұлы.

Ал балалар үйінің тәрбиеленушісі Дамир Закарин аталмыш тариxи мультфильмнің көңілінен шыққандығын атап өтті.

"Бұл мультфильм маған ұнады. Фильмде еліміздің тариxы баяндалады. Яғни ата-бабаларымыздың бостандық пен тәуелсіздік жолында талай қиындықтарды бастар кешіргендігін білдім. Мен батыр ағаларымыздың арқасында азат елде өмір сүріп жатырмын. ", - деді ол.

Сонымен қатар, іс-шарада "Джентельмен" клубы 150-ге жуық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне кітаптар таратты.

Айта кетейік, тариxи мультфильмдегі бас кейіпкерлерді Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрының, әрі Ж. Шанин атындағы Оңтүстік-Қазақстан облыстық қазақ драма театрының әртістері дыбыстады. Фильмнің саундтректерін Нұрлан Абдуллин, Сәкен Майғазиев сынды басқа да танымал отандық әншілер орындады.

 

 

Пікір жазу