Шоу-бизнес

Ербол Шәріпов «ұрланған» ән туралы түсініктеме берді

Кеше ғана Азия тобы мен Қайрат Нұртастың орындауында тұсауы кесілген күннен сынға іліккен «Шағала қыз» әні жайлы ақпарат таратқан болатынбыз. Тыңдаушылар бұл туындының көшірме екендігін айтқан-ды.

Түп тамыры Арменияда жатқан аталған ән жайлы сұрақтарымызға «Азиялық» Ербол Шәріпов былай жауап берді:
— Әнді сұрап алдыңыз ба, әлде сатып алдыңыз ба?
— Біріншіден бұл плагиат емес, ұрлық емес. Ұрлап алатындай біз әннің қайырмасын бөлек, шумағын бөлек құрастырып алған жоқпыз. Екіншіден, біз бар әнге тек мәтін жазып қазақ халқына ұсындық.
— Сіздерге дейін бұл әнді «Терция» тобы орындаған екен, ол туралы білесіздер ме?
— Бұл әнді қазақ әншілерінен нақты кім айтатынын білмейміз. Оның үстіне «Терция» деген топты танымайды екенмін.
— Ендігі жерде ән кімдікі болмақ?
— Халық қай нұсқаны ұнатса, ән соныкі болады ғой. Ол заңдылық. Міндетті түрде солай болуы керек. Кім халықтың жүрегіне жеткізе білсе, ән сол орындаушының қоржынында қала береді.

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

t5d94jSIfPY

Шаба Әденқұлқызы ана атанды

164 рет оқылды02.09.2015
5xiOUWsUoPc

Ринат Зайытов: «Ешқашан ұлттық мүддені саудалаған емеспін, саудаламаймын да!»

610 рет оқылды02.09.2015
eJqPIkvoZRQ

Ерболат Беделхан жаңа жобасын таныстырды

214 рет оқылды02.09.2015
photo_76954

Қарақат Әбілдина кішкентай ұлын намазға үйретіп жатыр

214 рет оқылды01.09.2015
Копия 11731724_927108727362174_6289471089346403488_o (1)

Роза Әлқожа: «Қазақтың топырағы барда, ұлтымыздың кеудесіндегі цензура бұзылмайды»

107 рет оқылды01.09.2015
97_main

Астаналық бишілер Кореяда өтетін Әлем біріншілігінде Қазақстанның намысын қорғайды

64 рет оқылды31.08.2015