Шоу-бизнес

Қазақша роктың жұлдызы Әсем ана атанды

«Жалт етіп өткен» әнімен ел ішінде есімі жақсы таныс Әсем ана атанды. Берекелі бейсенбіде ол,  3 келі 200 грам қызға өмір сыйлады. Баланың да, ананың да жағдайы жақсы.

Олардың жай-күйін отағасы Нұрғиса Әлмұраттан сұрап білдік. «Жұлдыз FM» толқынының жүргізушісі мен Әсем Көпбаеваның отбасын құрғанына бір жылдан асты. Тұңғыш перзентінің есімін ата-әжесі  ойластырып қойған. Жаңа нәрестеге берілген есім —  Арифа екен. Араб тілінен аударғанда «данагөй, ақылды» деген мағынаны береді.

Рок жанрында ән салудан алдына жан салмайтын әнші, енді тұңғышын тәрбиелеумен айналысады. Алайда, бұл Әсем өнерден кетеді деген сөз емес. Ал, алғаш рет әке атанған Нұрғиса өз мамандығымен, яғни режиссерлікке кірісіп, жаңа жобалар жетекші болып жатыр.

Жұлдызды шаңырақта естілген сәби үні жалғаса берсін демекпіз. Бөбектің бауы берік болсын!

100502 q8a UGfUVCe269LLK4Gev612Sz21S7WDaZ

Пікірлерді оқу (1)

Бөлімнің басқа жаңалықтары

az_rlD64_c8

Фарида Ниязова ұлды болды

349 рет оқылды07.09.2015
7RsymzGvmFY

Әлішер Каримов жеке концертін береді

192 рет оқылды06.09.2015
hnirJVCni4c

Ресейлік «MBand» тобы Астанада

269 рет оқылды04.09.2015
photo_62660

Алмас Кішкенбаев қызды болды

939 рет оқылды04.09.2015
f49ead584db1a6f1d6b18c412629869a

Алматыда «Алтыннан ардақты, аяулы Алматым» атты республикалық ақындар айтысы өтеді

318 рет оқылды03.09.2015
ihW_qTpW6EQ

«Әзіл Әлемі» театры бес жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтпек

509 рет оқылды03.09.2015