Шоу-бизнес

Мақпал Исабекова той көйлегін іздегенін жоққа шығармайды

Бірнеше күн бұрын «Мақпал Исабекова той көйлегін таңдап жүр» деп жаһанға жар салған едік. Олай деуімізге басты себеп — оқырманымыздың хабарласуы болды. Елордада, жалғыз өзі қалыңдық көйлегін іздеген әншіден мәселенің мән-жайын сұрап көрдік.

Мақпал Исабекова бұл оқиғаны жоққа шығармады. Яғни, оның дәл сол жерде көйлек киіп көргені — рас. Алайда тұрмысқа шығу емес, түсірілім үшін ғана.

«Қазақстан» ұлттық арнасы оны «Бүгін жексенбі» бағдарламасына қонаққа шақырған. Ал тақырып той маусымы жайында болыпты. Мақпал қалыңдық көйлегін хабар тақырыбын ашу үшін таңдаған.

Бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде әнші тұрмыс құруға асықпайтынын айтқан. «Тәңірдің қалауымен, бұйырған кезде барлығы да болар. Бірақ қазір көңіл жарастырған адамым бар. Бастысы – өнерімді бағалайды, жұмысымды қатты қадірлейтінімді біледі», — деген еді.

Жуырда ғана жыр болған «той көйлегі» жайлы сұраған кезде: «Болашақ жар болатын жігітті кездестірмедім»,- деген жауап алдық.

Елдің ерке қызының қай уақытта бір отбасының ұйытқысы боларын білмесек те, шығармашылығына шыңдалу тілейміз.

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

3_220

Тұрсынбек Қабатов оралдық жерлестеріне 500 мың теңге аударды

440 рет оқылды18.04.2015
14066542917368

NNBek тобы мен AllDavai тобы бірге өнер көрсетпек

105 рет оқылды18.04.2015
fMswvZxIlyI

Ерден Жақсыбеков әке атанды

581 рет оқылды16.04.2015
abdulin

Нұрлан Абдуллиннің қандай табыс көздері бар?

669 рет оқылды15.04.2015
arman

Сазгер Арман Дүйсенов жаңа қызметке кірісті

1 439 рет оқылды13.04.2015
187AXki1

Мақпал Исабекова қалыңдық көйлегін таңдап жүр

3 448 рет оқылды10.04.2015