Кино & театр

Сеньор Сәбит жасөспірімдер театрына директор болды

Алматыдағы М.Әуезов пен Ғ.Мүсірепов театрларының директорлары ауысты.
Басшылыққа келген екі директордың да сахнада өзіндік орны бар, қалың көпшіліктің көңілінен шыққан әртістер.

Әуезов театрының жаңа басшысы болып ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығы лауреаты Ерлан Біләл тағайындалды.
1397813304

1971жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текесауылында дүниеге келген ол 1993 жылы Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр-Кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген. 2011ж. 12 қыркүйегінен бастап театр директорының орынбасары.
Белгілі актер ұлттық классика мен заманауи драматургияда – М.Әуезовтің «Абайында» Керім, «Қарагөзінде» Сырым, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Айман-Шолпанында» Әлібек, «Абайында» Абай, «Қилы заманында» Ұзақ батыр, Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Балуан Шолақ, Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында» қарияның ұлы, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасындағы» Шәмші, «Қыз мұңында» генерал, Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Қозы, Д.Амантайдың «Сәлеметсің бе, қоңыр мұңында!» Қаранар, Б.Мұқайдың «Өмірзаясында» Жас жігіт, Ш.Құсайыновтың «Үкілі Ыбырайында» Ыбырай, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Сұлтанмахмұт, Ә.Таразидің «Ақын… Періште…Махаббатында…» Ақын, М.Ғапаровтың «Тұзды шөлінде» Темір, Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Мұхаммед Шайбани, Иран- Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?..» реквиемінде Құнанбай, т.б. рөлдерін шебер сомдаған. Оған қоса «Хабар» телеарнасында «Алтыбақан», «Кеш қалмаңыз», «Атамекенді» бағдарламаларының жүргізушісі ретінде де кеңінен танымал. Фильмдердің қазақ тілінде көркем шығуына, яғни дубляжға да атсалысып жүр.

Ал, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының жаңа басшысы — актер Сәбит Әбдіхалықов.
sabit

Ол 1992 жылы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтына «Драма және киноактер» мамандығына түсіп, кәсіби деңгейдегі актер мамандығын игерген. Кішкентайынан «Тамашаны» көріп, Құдайберген, Мейірман ағаларына еліктеген ол, оқу бітірген соң «Бауыржан шоуға» барады. «Тамашада» да, «Бауыржан шоуда» да өнер көрсетіп, кейін 2003 жылы Жанатбек Бәйтеков екеуі «Мафия мен Тақия» театрын ашты. Көпшілік актер ретінде ғана танитын Сәбит Әбдіхалықов 25-ке жуық сахналық қойылым – сатиралардың авторы. 2007 жылы ашылған «Қазығұртфильм» кино студиясының директоры. Кино саласындағы білімін Америкаға барып жетілдіріп келген актер, «Қанталапай», «Любовь в кредит», «Біздің ауыл Воо» сияқты киноларды түсірген.

Қос театр да көрермен көпшіліктен, мағыналы қойылымдарымен, жоғары баға алған. Жаңа басшыларды жаңа қызметтерімен құттықтаймыз!

Пікір жазыңыз
Кино & театр
1 114 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

E_TuHRK8zeM

Мемлекет басшысы Қазақ хандығы туралы сериалдың сценарийіне түзетулер енгізді

117 рет оқылды01.09.2015
22dccd49da17f3e7615214528b64b834

«Рэкетир» фильмінің басты кейіпкерлері Моңғолияда

126 рет оқылды22.08.2015
9993c91212d8525eda8b13b638732628

Елбасы «Қазақфильм» киностудиясының жұмысымен танысты

407 рет оқылды12.08.2015
1439271051hp8ok-560x310

Енді Елбасының рөлін Берік Айтжанов сомдайды

589 рет оқылды12.08.2015
thumb_700x394_ba31d3aac0692106a1e5f1e9b4f2e2b1

Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі Оскарға ұсынылады

372 рет оқылды09.08.2015
thumb_700x394_9ed14ba3f9a8668be9b2f5d60d3f8611

Вашингтонда «Дешті-Қыпшақ: құпия белгілер» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

188 рет оқылды09.08.2015