Гостиницы в Алматы
2014-11-05 00:01:23 729 0

Кейбір адамдар сұлу болу үшін сұңғақ бойлы, түзу аяқты, аққұба болу және қымбат киіну шарт деген түсінік қалыптасқан. Бұл көпшілігін адастыратын жаңсақ түсінік. Олай ойлаудың өзі қателік. Әлемдегі ең әдемі әйелдер қатарына кіретіндерді сын көзбен байқап қарасаңыз, көпшілігі «бота көзді, алма ерінді, қыпша белді» асқан сұлу емес. Бар болғаны, олар өзінше қайталанбас стильді таңдап алған. «Ұсқынсыз әйел болмайды, тек өзін күте алмайтын әйел ғана болады» дегенді есіңізден шығармағаныңыз жөн.

Модель болғанымен дене тұрқы 60-90-60 емес Кейт Мосс , мәселен, әлемдегі ең сымбатты әйелдер қатарында. Белгілі сұлулардың көпшілігі соны үлгі тұтады.

Виктория Бекхамды алыңыз. Әлемнің ең таңдаулы стилистерімен жұмыс жасай отырып, өзінің жеке стилін жетілдіріп отыратын сылқым. Соңғы жылдары сәнгер болып, өз киім үлгілерін әлем сұлуларына паш етуде. Ешқайсысын асқан сұлу деп айта алмайсыз, дегенмен өзіне деген сенімділік еліктетеді.

Стиль – әдеміліктегі ең маңызды нәрсе екендігіне таласа алмайсыз. Ол әдемі таңдап алынған костюм, сөмке, аяқ киім ғана емес.

Сіздің жеке стиліңіз – бұл сіздің бет әлпетіңіз, киіміңіз, шаш үлгіңіз, жақсы көретін түстеріңіз, жүріс-тұрысыңыз, қимыл-қозғалысыңыз, дүние танымыңыз, тіпті көз қарасыңыз деуге де болады. Стиль – кешенді дүние. Өз стиліңіз болғанда ғана сіз әдемі көріне аласыз. Әр адамның өз стилін таңдап алуына мүмкіндігі бар. Тек соған шын ниетіңізбен бет бұрып, жан-тәніңізбен кірісуіңіз керек. Ол үшін алдымен:

  1. Өзіңіздің мінез-құлқыңыз бен темпераментіңізді анықтап алыңыз.
  2. Алға қойған мақсаттарыңызды нақтылап, өзіңізді айналаңыздағылардың қалай көргісі келетінін бақылаңыз.
  3. Дене тұрқыңыздың ерекшеліктеріне қарай қандай үлгідегі киімдердің жарасатынын анықтаңыз.
  4. Өзіңізді ашатын түстерді таңдап алыңыз.

Осының барлығын анықтап алғаннан соң ғана жасап жүрген қызметіңізге , өмір сүру салтыңызға сәйкес киім сатып алуғы кірісіңіз.Содан кейін стилист-шаштараз маманымен ақылдаса отырып шашыңызды жөндеп, макияжыңызды түзетіңіз. Бұл – үлкен жұмыс.

Жан дүниеңізге бейімделе отырып, өз стиліңізді тауып алуыңызға тілектеспіз! Сәттілік!

Пікір жазу