Гостиницы в Алматы
2017-05-08 20:27:27 27 0

Ауыр атлетші Майя Манеза өзінің 31 арнадағы «Айта берсінге» берген сұхбатында «Қиналғаным рас. Себебі, тынбай жаттығу жасап, жарақат алған едім. Күшімнің сарқылғанынан бөлек, жүйкем тозды. Босанған соң да бұрынғыдай болмадым. Оның үстіне жас емес едім», – деді. Ол енді өзінің ғана емес, өзгелердің де денсаулығына алаңдай бастапты. Бұған күйеуі Вячеслав Ершов екеуі ашқан денсаулық және сұлулық орталығы дәлел.

Мая Манеза алдағы уақытта ине терапиясын жасауды үйреніп алмақ. Ол допинг дауынан кейін спортпен айналысуды уақытша тоқтатқан.

Ал спортшының күйеуі: «Біз енді ғана ашылып жатырмыз. Мамыр айының басына таман ресми ашылатын болады. Ашылу салтанатына қала билігін, танымал тұлғаларды, спортшыларды шақырамыз. Әрине, Мая спорттан шеттетілгені үшін уайымдады. Себебі, бұл нәрсеге көп күш пен көп уақыт кеткен болатын. 2016 жылы ол Олимпиадаға жақсылап дайындалды. Біз көп нәрседен өткен болатынбыз. Оның үстіне бала туған соң да қайта қалпына келу оңай болмады. Артынша екі айдың ішінде бізге таңқалдырарлық жаңалық келіп жетті», – дейді.

 

Пікір жазу