Кино & театр

“Феникс” фильмін түсірушілер Назарбаевқа хат жолдады

“Феникс” фильмін түсірушілер  Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми хат жолдады.

 Хаттарында түсірілім тобы Мемлекет басшысынан қаржыландыру жөнінде көмек сұраған. Еске сала кетейік, “Феникс” атты ғылыми-фантастикалық триллердің продюсері Талғат Жәнібеков Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан болған кедергілерден кейін түсірілім тобының жұмысты тоқтатқанын хабарлаған болатын.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізден жағдайдың шешімін тауып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының құзыреттілігін тексеруіңізді сұраймыз. Кино өндірісі мен мәдениет саласында олардың біліктілігі күмән тудырады“, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, танымал “Джокер” фильмі арқылы танылған Талғат Жәнібеков жаңа фильмді түсіру жұмыстарын 2014 жылы бастаған болатын. Басында жаңа фильмге “Қазақфильм” 100 миллион теңге бөлді. Продюсерлердің айтуынша, бұл қаражат жұмсалып біткен. Баспасөз мәслихатында Халық әртісі және фильм продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов ақша аударылғаннан кейін жұмыс сол жылы толық аяқталғанын айтты. Мәдениет министрлігіндегі басшылық ауысқаннан кейін қаржыландыру тоқтап қалған.

Жаманқұловтың айтуынша, жоба авторлары бұдан кейін америкалық-ресейлік Aldamisa Entertainment компаниясымен келісімшартқа отырған. Келісімшарт бойынша “Қазақфильм” мен Aldamisa Entertainment 550 миллион теңгеден аудару керек болған. Продюсерлердің айтуынша, қазақстандық тарап келісімшарттағы міндеттемелерін орындамай отыр. Режиссер “Феникс” фильмін 2015 жылдың желтоқсанында тапсыруы керек.

ОКҚ брифингінен кейін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қаражат бөлгенге дейін жоба авторлары бірнеше міндеттерді орындау керегін айтты. ““Феникс” фильміне дайындық жұмыстары үшін оларға 100 миллион теңге берілді. Мен режиссерге фильмді қолдайтынымды айттым, дегенмен ол бірге жұмыс істеу үшін өз ісінің мамандарын алу керек. Егер режиссер де, продюсер де, сценарий авторы да ол өзі болса, бұл мен үшін күмәнді. Егер ол Ермек Тұрсынов, Ардақ Әмірқұлов сияқты маман болса мен оған берер едім. Ал ол қырсығып өзі түсіретінін айтып отыр. Оның үстіне олар 550 миллион теңге сұрап отыр, ол 3 миллион доллардан жоғары ақша. Менің “Феникске” қарсылығым жоқ. Олар өз қаражаттарына сәйкес сценарий жазсын, ең бастысы жақсы жұмыс шықса болды“, – деді Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, “Феникс”фильмі 1978 жылы Кеңес одағы ғалымдарының бөлшектерді үдеткішті жасауы туралы. Осыған орай Жер бетіне қауіп-қатер төніп, қоршаған орта ласталады. Сол кезде ғалым Аман Ахметов пен Сергей Скворцов ядроны қалпына келтіретін “Феникс” жобасын ойлап табады. Осыдан кейін әлемнің барлық ғалымдары бірігіп, Жер шарын қорғауға кіріседі. Айта кетейік, фильмге кеңес берушілердің ішінде Талғат Мұсабаев бар.

Басты рольдерде Тұңғышбай Жаманқұлов, Төлепберген Байсақалов ойнайды. Сонымен қатар, голливуд жұлдыздарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Фильмді 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай жарыққа шығару жоспарланып отыр.

1280px-Soyuz_TM-32_crew

1-2-032

4808

1428489893_d0bcd183d181d0b0d0b1d0b0d0b5d0b2

Tengrinews.kz

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

thumb_700x394_ba31d3aac0692106a1e5f1e9b4f2e2b1

Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі Оскарға ұсынылады

87 рет оқылды09.08.2015
thumb_700x394_9ed14ba3f9a8668be9b2f5d60d3f8611

Вашингтонда «Дешті-Қыпшақ: құпия белгілер» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

44 рет оқылды09.08.2015
unnamed (8)

«Қазақстан» телеарнасындағы “Келін” телехикаясының көрсетілімі аяқталды

877 рет оқылды07.08.2015
11249-212-_rnek_ru

Бекболат Тілеухан “Құнанбай” фильміне баға берді

268 рет оқылды07.08.2015
OfnpBTOusFA (1)

«Тақиялы періште-2» фильмі Алматы облысында түсіріліп жатыр

225 рет оқылды03.08.2015
elbasy-1

Президент туралы фильмде депутаттың рөлін сомдайтын актерлерлер керек

201 рет оқылды03.08.2015