Гостиницы в Алматы
2017-04-26 18:19:04 122 0

Жаңаөзен қаласындағы М.Өскінбаев атындағы музыка мектебінің үшінші сынып оқушысы Айнұр Шүкірова Римде өткен халықаралық музыкалық байқауға қатысып, жүлделі оралды. Қобызшы қыз «Жез киік», «Дайдидау», «Адай» күйі, «Венгер биі №5» композицияларын орындап 1-орынды иеленген.

   Бұл жайында reactor.inform.kz сайты жазды. Ал Айнұрдың өзі: «байқауға  барымды салып дайындалдым. Достарым қыдыруға шақырғанда шыға алмайтын едім, демалуға уақытым болмады. Себебі,бұл өте маңызды, жауапты байқау болды мен үшін. Елімнің  атынан шыққандықтан, лайықты өнер көрсетуге тырыстым»,- дейді.

Байқауға 60 оқушы қатысып, пианино, скрипка, контрабас, арфа, сыбызғы сынды аспаптармен өнер көрсеткен. Ресейден, Польшадан, Кипр, Корея, Қазақстанмен Италиядан музыканттар келді. Айнұр қобызда ойнаған

«Қарсыластарым осал болған жоқ. Бар ынтамды салып, өзім дайындалып барған шығармаларды орындап, 1-орынды алдым. Қуанышым қойныма сыймады, оны сөзбен жеткізе алмаймын»-дейді жас талант.

Пікір жазу