Шоу-бизнес

«BalaTurkvizyon-Қазақстан» байқауының Батыс Қазақстан облысы бойынша жартылай финалисті анықталды

       2015 жылдың 21 шілде күні Орал қаласында «BalaTurkvizyon» Халықаралық балалар әні байқауының Ұлттық іріктеу кезеңі өтті. Авторлық әлеуметтік жобалар арқылы Қазақстанның дарынды әрі шығармашыл жастарына әрқашан қолдау көрсететін  Әлия Назарбаева мен «Жандану әлемі» қорының  бастамасымен өткізіліп жатқан, түркітілді елдер арасындағы алғашқы балалар әні байқауы  он бірінші болып Батыс Қазақстан облысына келді. «BalaTurkvizyon-Қазақстан» байқауының мақсаттарының бірі —  еліміздің кішкентай тұрғындарына арнап қазақ тіліндегі  жаңа әндерді жарыққа шығару және оларды насихаттау. Ұлттық іріктеу аяқталған соң, финалға арнайы жазылған 16 ән CD-дискке жазылып,  Ә.Н.Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының ұйтқы болуымен еліміздің барлық балабақша мен мектептеріне таратылады.

      Қатысушы балалар және оның ата-аналары, жақындары, ұстаздары Батыс Қазақстан облысының барлық аймағынан арнайы келді. Жақындары балаларға ең маңызды сәтте қолдау көрсетуге тырысты. Өнерпаздардың туыстарының қатарында он үш әжеден құралған Қалалық мәдениет үйінің «Әже сәлемі» халық ансамблі болды. Өз жерлестеріне арнап әжелер әсем әндерін орындап берді. Өнерпаздарға берген батасы: «Барлығы жеңіске лайықты, барлық балалар бірдей, айналайындар!»

      Орал қаласы дарындарға бай екенін көрсетті. Ағайынды Дәулетхан мен Наргиза Утарбаевтар дуэт болып ән салғандарына екі жылдың жүзі болыпты. Наргиза скрипка сыныбында оқыса, Даулетхан домбыра сыныбынан бөлек, шахматты жақсы ойнайды. Жүлделі орындары да бар.  «BalaTurkvizyon-Қазақстан» байқауы олардың ең алғашқы үлкен байқаулары. Олар байқауға итальян тіліндегі ән дайындады. Олардың айтуынша, ең қиыны іріктеуге дайындалу емес, осы әннің сөзін жаттау болыпты.

       БҚО өткен Ұлттық іріктеудің қазылар алқасы әнші Ерген Айтымбетов және оның командасы «Заман» тобының әншісі Әсет Қарабалин мен танымал композитор Арман Дүйсенов бірауыздан іріктеу жеңімпазы деп Мырзағұл Алмағамбетовты таныды.  Мырзағұл Алмағамбетов өзінің он бір жасында облысқа аты танымал болып үлгерді. Оралдық жергілікті телеарнада «Бозторғай» атты балалар фестивалінің жүргізушісі.

       «Мен баламның әнші болатынын декреттік демалыста жүрген кезде-ақ сездім. Мен үйде караокеде ән салатын едім. Төрт жасынан бастап Мырза телеарнадағы әншілердің даусын айнытпай сала бастады. Сол кезде біз жерлесіміз, әнші Еркін Өтегеновтен баламыздың музыкалық қабілетінің қандай деңгейде екенін сұрадық. Еркін Мырзағұлдың музыкаға деген қабілетінің бар екенін айтып, бір жылдан кейін  сахнаға алып шақты. Олар бірге «Анашым» әнін орындады»-дейді жеңімпаздың анасы Наталья Александровна. Ананың айтуынша баласының кәсіби музыкалық деңгейін «Ақ желкен» үйірмесіндегі Айман Жакупова есімді апайы көтерген екен.

     Мырзағұлдың танымал болғандығы сондай, мереке күндері бірнеше кештерде өнер көрсетеді. Бір күні бала ата-анасынан жеке концертін ұйымдастырып беруін сұрайды. Бұл қайырымдылық концерттен түскен қаржыны сырқат баланың емделуіне береді.

     Мырзағұл құрдасы Аяна Кажымовамен бірге бағдарламаны бірге жүргізеді. Бірақ, олар  байқауға жеке орындаушылар ретінде келді. Өнерлі өрендер көптеген байқауларда бақ сынап, жүлделерге ие болып үлгерген. «BalaTurkvizyon-Қазақстан» байқауында бір-біріне бәсекелес болғанымен, болашақта дуэт болуды жоспарлауда.

       «BalaTurkvizyon-Қазақстан» байқауының Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық іріктеу жеңімпазы Мырзағұл Алмағамбетовты 13 тамыз күні Алматы қаласында «Жұлдызды үй» тосады. Мырзағұл өз тәлімгері және ұстаздарымен екі апталық дайындықтан кейін  Ұлттық іріктеудің жартылай финалында өнер көрсетеді. Егер лайықты өнер көрсетсе,  Қазақстанның намысын Түркияның Стамбул қаласында өтетін «BalaTurkvizyon» байқауында қорғауға жолдама алады.

unnamed (6)

unnamed (3)

unnamed (5)

 

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

1U6ZLSLF5Z4

Қазақстанда жүйкесі сыр бергендерді Қайрат Нұртастың әндерімен емдей бастады

195 рет оқылды02.08.2015
4Qd2Cefq8bQ

Әлішер Кәрімов жаңа бейнебаянын Қазақ хандығының 550 жылдығына арнамақ

69 рет оқылды02.08.2015
Or290RdvpjA

«Замандық» Әсет үйленді

884 рет оқылды31.07.2015
BSIEHqe0JQE

Ғаламторда Сәбит пен Алтынайдың отау құрған күні түсірілген видео пайда болды

720 рет оқылды31.07.2015
2Va9l1MP8XQ

Көкшетау қаласында Ақмола облысы бойынша «Bala Turkvizyon-Қазақстан» байқауының жартылай финалисті анықталды

125 рет оқылды30.07.2015
z-vO4fgrcYM

Серікболдың концертінде өрт шықты

1 199 рет оқылды29.07.2015
БАСТЫ БЕТ
Responsive Menu Image Responsive Menu Clicked Image