Жаңалықтар

Дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Австралия құрамасын жеңді

Астана қаласындағы әлем чемпионаты командалық жарыспен аяқталады. 15 қыздар, 14 ерлер құрамасы әлемнің үздік командасы атағын сарапқа салады.

Жеребе нәтижесі бойынша Қазақстанның қыздар құрамасы командалық жарыстың басты фавориті саналатын Моңғолия командасымен кездесіп, 0:5 есебімен жеңіліс тапты. Біздің командадан төрт қыз татамиге шыққан болатын. Ленария Мингазова, Назгүл Құбышева, Ділбар Өмірәлиева мен Гүлжан Исанова мықты қарсыластарына айтарлықтай қарсылыс таныта алмады.

Қазақстанның ерлер құрамасы жанкүйерлерін қуанта алды. Әзіз Қалқаманұлы, Самат Есен және Ержан Шынкеев кездесулерін «таза жеңіспен» аяқтаса, Дастан Ықыбаев «шидолар» бойынша қарсыласынан басым түсті. 66 келі салмаққа Австралия өз спортшысын қоспады. Осылайша біздің жігіттер 5:0 есебімен жеңіске жетті. Енді Қазақстан Жапониямен кездеседі.

Спортшыларға сәттілік!

Пікір жазыңыз
Жаңалықтар
60 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

e7ad9c73a9cd28c362ee62ddceee9c39

Максим Раков екінші кездесуінде жеңілді

73 рет оқылды29.08.2015
Безымянный-2

Жанар Дұғалова мен Кәмшат Жолдыбаева Баян Есентаевадан кеттi ме?

665 рет оқылды26.08.2015
ЕЛДОС СМЕТОВ ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ЕЛДОС СМЕТОВ ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

169 рет оқылды24.08.2015
ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Қазақстан дзюдошылары тарихта болмаған жетістікке қол жеткізді

155 рет оқылды24.08.2015
2015judo

Астанада дзюдо күресінен еліміздегі тұңғыш әлем чемпионаты өтеді

86 рет оқылды24.08.2015
b0OckBesSS4

Әншілердің өмірі қаншалықты қауіпті?

1 357 рет оқылды15.08.2015