Жаңалықтар

Астанада дзюдо күресінен еліміздегі тұңғыш әлем чемпионаты өтеді

24-30 тамыз аралығында Астанада дзюдо күресінен елімізде алғаш рет әлем біріншілігі өткізіледі. Оған 123 мемлекеттен 823 спортшы (495 ер мен 328 қыз) қатысады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Сонымен бірге, елордаға 1000-ға жуық қонақ келеді. Олардың ішінде бапкерлер мен федерация басшылары және басқа да лауазым иелері бар.

Байрақты бәсеке барысында жұмыс істеу үшін 160 журналист тіркеуден өтуге өтініш жасады. Бұл чемпионат Олимпиада қарсаңында өткізілетіндіктен, барлық мемлекеттер үшін маңызды.

Әлем біріншілігі «Алау» мұзайдынында өткізіледі. Жарыс ерлер мен қыздар арасында 7 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылады және соңғы күні командалар өзара сынға түседі.

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

Безымянный-2

Жанар Дұғалова мен Кәмшат Жолдыбаева Баян Есентаевадан кеттi ме?

99 рет оқылды26.08.2015
ЕЛДОС СМЕТОВ ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ЕЛДОС СМЕТОВ ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

53 рет оқылды24.08.2015
ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕКІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Қазақстан дзюдошылары тарихта болмаған жетістікке қол жеткізді

54 рет оқылды24.08.2015
b0OckBesSS4

Әншілердің өмірі қаншалықты қауіпті?

1 235 рет оқылды15.08.2015
1xFyvZEymM0

6-шы «FourЭ» Эко-Этно Фестивалі

165 рет оқылды07.08.2015
1U6ZLSLF5Z4

Қазақстанда жүйкесі сыр бергендерді Қайрат Нұртастың әндерімен емдей бастады

2 053 рет оқылды02.08.2015