Астанада «Сахнадан сәлем!» атты ІІІ халықаралық театр фестивалі өтеді. Фестиваль елордамыздың туған күні қарсаңында ұйымдастырылмақ. Оған қандай театрлар қатысатындығы туралы Астана қаласы мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мәлім етті.

«Бұл театр әлеміндегі өте маңызды шара. Оған Қазақстан, Ресей мен Грузияның театрлары үздік қойылымдарымен қатысатын болады. Ескере кететін жайт, Астананың 17 жылдығы аталған театр фестивалінен басталмақ»,- деді ол.
Жыл өткен сайын фестиваль масштабы кеңейіп, қызығушылық танытқан елдер мен қалалар қатары артып келеді. Биыл «Сахнаға сәлем!»-ге қазақстандық көрермендерге үздік қойылымдарын ұсынатын 12 театр қатыспақ.
Фестиваль шымылды Мәскеу Губерн театрының «Сирано де Бержерак» атты атақты қойылымы ашады. Жетекшісі — Ресейдің танымал актері Сергей Безруков.

Оған қоса фестиваль шеңберінде Астанада А.Грибоедов атындағы Грузиялық Тбилиси мемлекеттік-академиялық орыс драма театры өнер көрсетеді. М. Горький атындағы мемлекеттік-академиялық орыс драма театрының сахнасында олар Л.Толстойдың «Холстомер. История лошади» қойлымын сомдайды. Сондай-ақ бұл тізімде «Ревизор» музыкалық фантазиясымен Н.Сац атындағы Алматы жасөспірімдері театры да бар.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS