Спорт

Илья Ильин әлем рекордын жаңартты

Ауыр атлетикадан екі дүркін олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы қазақстандық Илья Ильин серпе көтеруден әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz спортшының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

«Түнгі жаттығу. Серпе көтеруден 250 келі. Әлемдік рекорд!!!», — деп жазды Ильин видео жүктей отырып. Толығырақ мына мына жерден оқи аласыздар. Айта кетейік, шетел сарапшылары 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарында Илья Ильиннің алтын медаль ала алмайтынын жазды. Олар қазақстандық спортшы екінші орыннан көрінеді деп болжап отыр.

Дегенмен Ильин бұл пікірмен келіспейтінін жеткізді. Ол сарапшылардың 99,9 пайызға қателескенін айтты. «Бұл менің Олимпиада ойындарына үшінші рет қатысуым, мен мұндай жағдайларға бұрын да кезіккенмін. Лондондағы олимпиада кезінде де маған осындай пікір айтылды. Мен мұны дұрыс деп есептеймін. Дегенмен, сарапшылар 99,9 пайызға қателесті», — деді ол.

Ақпарат: Tengrinews.kz

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

lREPccAoWbE

Елбасы «Астана» футбол клубын құттықтады

13 рет оқылды28.08.2015
biTR9BV5esI

«Астана» топтық кезеңде «Атлетико», «Галатасарай», «Бенфика» клубтарымен ойнайды

14 рет оқылды28.08.2015
3f4d1ba955c233712c125c311dce5304

Төртінші күн де қазақстандық дзюдо шеберлері үшін сәтсіз аяқталды

5 рет оқылды27.08.2015
dnTQ8TsaP7s

«Астана» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты

25 рет оқылды27.08.2015
232545c325c9da0ad43072a3f2192267

Дзюдодан Әлем чемпионатының үшінші күні аяқталды

20 рет оқылды26.08.2015
45ec13ff6dbc33f2be0ff8a9df84e410 (1)

Қазақстандық Дастан Ықыбаев дзюдодан Әлем чемпионатының алғашқы кезеңінде есе жіберді

17 рет оқылды26.08.2015