Жаңалықтар

Фариза Оңғарсыноваға ескерткіш орнатылды

Атырау қаласында қазақ поэзиясының падишасы атанған Фариза Оңғарсыноваға ескерткіш орнатылды. Ақынның туған жерінде салынған ескерткіштің авторы — мүсінші Мұрат Мансұров. Ескерткіш Атырау қаласындағы «Ренессанс» конақ үйінің қасында соғылған.Ал биіктігі — 8.3 метрді құрайды.
Айта кетейік, Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 5 желтоқсанда қазіргі Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туылып, 2014 жылы өмірден озды. Фариза ақынның артында өшпес мұра — өлеңдері қалды. Ақынның алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

maxresdefault

Баян Есентаева Қайрат Нұртасты көре алмайтындардың көп екенін айтты

620 рет оқылды15.12.2015
1438510696_36f599bdc404e0f277b5ae7943551f19

Ринат Малцагов әке болды

266 рет оқылды15.12.2015
11254184_1644783782457257_433015711_n

Мөлдір Әуелбекова күйеуін “шалға” теңегендерге жауап қайтарды

950 рет оқылды15.12.2015
Nul7oOMytlY

Жазира Байырбекова жақсы келін атанудың құпияларын ашты

284 рет оқылды15.12.2015
????????????????????????????????????

Спорттық және әскери самбодан өткен Азия чемпионатынан ақмолалық спортшылар жүлдемен оралды

30 рет оқылды15.12.2015
WBC Головкин - Альварес кездесуіне қатысты шешім шығарды

WBC Головкин — Альварес кездесуіне қатысты шешім шығарды

116 рет оқылды15.12.2015